Түркиядағы күшті жер сілкінісі құрбандарының саны 915 адамға дейін жетті

1025

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияға көмекке аттанады. Мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркиядағы күшті жер сілкінісі құрбандарының саны 915 адамға дейін жетті Фото: kazpravda.kz

Таңға жуық Түркия жұртшылығын ел тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі дүр сілкіндірді. Табиғи апат Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де болған жер сілкінісі Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласын да жайпаған

Түркиядағы күшті жер сілкінісі құрбандарының саны 900 адамнан асты. Түркия президентінің айтуынша, осы уақытқа дейін 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алған. 2470 адам аман қалды. Ердоған қаза тапқандардың түпкілікті санын болжау қиын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ әртүрлі қалаларда 2818 ғимараттың құлағанын хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы хабарды ести сала Түркияның Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тиісті тапсырма берілгеннен кейін, Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Сонымен жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Оған қоса Түркияны қолдау үшін НАТО күш жұмылдырып, ЕО құтқарушылар жіберетін  болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу