Үкіметке бюджеттің тосын сыйы

7241

Қазыналық кірісті асыра орындау үкіметті бюджеттік "жолайырыққа" әкелді.

Үкіметке бюджеттің тосын сыйы

Мемлекеттік бюджеттің кірісі желтоқсан айына дейін 1 млрд доллардан асты. Қазан айында салық артып, республикалық бюджет 800 млрд теңгеден жоғары деп нақтылады. Қазан-қараша айларындағы мәліметтерге сүйенсек, қазынаға түсетін қаражат ай сайын 170 млрд теңгеге артып отырады.

Жыл соңына қарай қазынаға жоспарланған сомадан 500 млн теңгеден көп қаражат түсуі мүмкін. Осыған қарамастан, үкімет еріксіз бюджеттік "жолайырыққа" тірелді – жыл соңына 18 күн қалғанда бюджеттің артылған 6%-ын қалай игереміз деген сауал туындап отыр.

Мемлекеттік қазынаның кірісі қараша айында шамамен 745 млрд теңгеге жетті. 2016 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке салықтан 5,4 трлн теңге қаржы түсті. Осылайша, есептік кезеңде бюджет кірісі жоспарлы көрсеткіштен 346,4 млрд теңгеге асыра орындалды.

Кіріс тұрақты түрде асыра орындалып, үкіметтің алдына мемлекеттік бюджетті қайта нақтылау мәселесі қойылды. Теориялық жағынан оны түзетудің негізгі үш нұсқасы бар: ұлттық қордан кепілді және/немесе мақсатты трансфертті асыра орындай отырып қысқарту, мемлекеттік шығындарды ұлғайту немесе аралас нұсқа.

Бұл жерде бюджет трансфертін қысқарту – ең тиімді сценарий. Салық түсімдерін асыра орындау ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін траншты азайтты. Қараша айында қордан бюджетке түсетін төлем 99 млрд теңгеге жетті, жалпы, қаңтар-қараша аралығында 2,83 трлн теңге аударылды.

Қараша айында ұлттық қордан бюджетке аударылатын төлемдердің міндеттемелерін орындау 94%-дан 89,4%-ға дейін қысқарды. Басқаша айтқанда, желтоқсан айына дейін мұнай қорынан түскен қаражаттың 336,1 млрд теңгесі игерілмеген. Мұнда Ұлттық қордан транштарды қысқарту сценариі қолданылады.

Алайда, қараша айының басына дейін республикалық бюджеттегі ағымдық шығындар үлесі 6,46 трлн теңгеге жетті, бұл – бюджеттің 78,1%-ы.

Үкіметтің шешім қабылдауға жыл аяғына дейін бар болғаны 18 жұмыс күні бар. Бұл мәселе Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр.

Сондай-ақ, үшінші, аралас нұсқа да болу мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Бұл дегеніміз, мемлекеттік шығынды арттырып, трансфертті ішінара қысқарту деген сөз. Үкімет қазан айында дәл осы нұсқаны қолданған.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда президент Нұрсұлтан Назарбаев "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. Құжат 2016 жылғы бюджет кірісін 4,2 трлн теңге деп бекітті.

Ал бюджет шығындары бар болғаны 380 млрд теңгеге артқан, ол "мемлекет басшысының басым тапсырмаларын" іске асыруға бағытталды. Сонымен бірге, Ұлттық қордан түсетін трансферттердің жалпы сомасы 400 млрд теңгеге қысқарды.

Алайда, осы үш нұсқада ортақ бір кемшілік бар – жыл қорытындысында салық түсімдерін асыра орындаудың екіұштылығы. Мысалы, қазан айында мемлекеттік бюджет салық кірістері бойынша 184,2 млрд теңгеге, қараша айында 161,8 млрд теңгеге асыра орындалды. Жалпы, айына орташа 170 млрд теңге асыра орындалуы тиіс.

Тиісінше, жыл қорытындысында 500 млрд теңге асыра орындалады деп шамалауға болады, бұл – 2016 жылдың республикалық бюджетінің барлық шығынының 6%-ы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу