Ұлттық банк арзан ипотекаға қатысты өз құралын ұсынды

2942

Жеңілдетілген ипотеканы қаржыландыру схемасы реттеушінің нарықтан ақша тартуы мен оларды арзандатуға қанша жұмсайтыны тұрғысынан айқын болмай тұр.

Ұлттық банк арзан ипотекаға қатысты өз құралын ұсынды

Осы жылдың екінші жартыжылдығында Ұлттық банктің жеңілдетілген несиені іске қосу жөніндегі "еншілесі" қор нарығына нарықтық мөлшерлемелермен 60 млрд теңгеге борыштық міндеттемелерді орналастырмақ. Реттеушінің жұмысы барысында тартылған қаражат халыққа 7%-бен несие беру үшін екінші деңгейлі банктерді 3%-бен қорландыруға бағытталады. Бұл туралы өткен аптада орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелден тыс болған әңгімеде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков abctv.kz-ке мәлім етті.

"Маржиналдылық банктердің белгілі операциялық шығындарын жабуға тиіс. Егер біз бағдарламада "регресс" (яғни қарыз беруші дефолт болған жағдайда қарызды банкке қайта сату құқығы) құқығын кіргізетін болсақ, онда маржа несие тәуекелін жабуы керек. Біз банктердің маржиналдылық деңгейі шамамен 4% деңгейінде деп қарастырып отырмыз, бірақ бұл әзірге болжалды сан. Біздің міндетіміз қарыз алушының шығынын 7% ету. Бұл басқадай шығындар мен комиссиялар болмауға тиіс деген сөз. Әйтпесе, жылдық тиімді мөлшерлеме 7%-дан асып кетеді. Егер несиені қарыз төлеу мүмкіндігі бар қарыз алушы алатын болса, онда жартысы операциялық шығындарды қайтаруға кетеді. Егер қарыз алушы қарызды төлей алмайтын болса, онда қарыз номинал бойынша банкке кері қайтарылады", – деп түсіндірді Олег Смоляков.

Оператор компанияларын капиталдандыру Ұлттық банк бюджеті есебінен жүргізіледі. Реттеуші жаңа құрылымның жарғылық капиталына өз бюджетінен 150 млрд теңге салады.

"Алдағы бес жылда нарықта триллион теңге тартуды жоспарлап отырмыз. Компанияларды капиталдандыру – борыштық қағаздар көлемінің жетіден бірін құрайды, бұл шамамен 150 млрд теңгеге тең. Алайда барлығы бағдарламаның қаншалықты жылдам іске асатындығына байланысты болады. Егер қажеттілік триллион теңгеден жоғары болса, онда, әрине, компанияны капиталдандыруды да арттыра аламыз. Себебі бұл (біздің) еншілес компания және капитал Ұлттық банк бюджеті есебінен бөлінеді. Егер бағдарламаны қаржыландыруға кететін триллион теңге туралы айтатын болсақ, онда еншілес ұйым тәуекелі төменгі деңгейдегі агенттік қағаздарын шығаратын болады. Баға белгілеу нарық бойынша жасалады, яғни бұл демпингтік мөлшерлеме емес. Олар инвесторлардың шектеусіз санына ұсынылады, яғни бұл банктер, сақтандыру компаниялары, кәсіби қатысушылар. Қаржыландырудың бұл үлгісі тиімдірек деп ойлаймын", – деп атап кетті Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Дегенмен, Ұлттық банктің еншілес арнайы компаниясының "қағаздарына" деген сұраныс олардың айналымдағы мерзіміне тікелей тәуелді болады. Табыстылықтың ауытқымалығы қазір нақты болып отыр, яғни орта мерзімді келешектегі мөлшерлемеге қатысты айқын болмай отыр. Сонымен қатар, егер жыл басындағы реттеушінің ноталары бойынша ашық позицияны алып қарайтын болсақ, онда "мемлекеттік қағаздардың" жылдық үлесі үштен бірін (триллион теңгеге жуық) ғана құраған, оның 600 млрд теңгеден астамы банктерді сауықтыру бағдарламасы аясында банктерге берілген мемлекет ақшасына тиесілі.

Тағы бір маңызды мәселе – мөлшерлемені кім судсидиялайтынына байланысты. Қор нарығында ақшаны шартты жылдық 9%-бен тартып оны алдағы уақытта 7%-бен ипотекалық несие беруге инвестициялауды көздейтін болсақ, оның шамамен 4%-ын банктер алып қалады, сонда мөлшерлеменің кері айырмашылығы бар екені көзге ұрып тұр. Мұнымен Ұлттық банк айналысуы мүмкін және қосымша ақша басып шығармай мүмкін емес екені түсінікті. Ал бұл жердегі инфляцияның тәуекелі тек мөлшерінде ғана.

Ұлттық банк басшысының орынбасары 2018 жылдың екінші жартыжылдығы ішінде бағдарлама аясында қор нарығына 60 млрд теңгеге дейін құнды қағаздар шығару көзделіп отырғанын айтып кетті. Одан әрі қарай тартылатын қаражат көлемі жылына 200 млрд теңгеге дейін өсетін болады. Басқаша айтатын болсақ, монетарлық билік ипотекалық бағдарламаның айтылған көлемінен ақша массасының тоқтаусыз өсу тәуекелін, сондай-ақ экономикадағы артық ақшаны алып тастау керектігін көріп отырған жоқ.

"Борыштық қағаздарды триллион теңгеге қаржыландыру жүреді. Әңгіме квазимемлекеттік компаниялардың қағаздары туралы болып отыр. Қазір мемлекеттік құнды қағаздардың (МҚҚ)мөлшерлемесі шамамен 8,5-9%-ға жуық. Негізі квазимемлекеттік компаниялар ≥9% мөлшерлемесімен де орналастыра алады. Бұл мүлдем демпингтік мөлшерлеме емес. Бұл квазимемлекеттік борыштың нарықтық мөлшерлемесі. Сондықтан бұл жерде артық ақшаны алып тастау керектігін көріп отырған жоқпыз. Керісінше, бізде қазір банктердің еркін өтімділігінің қомақты сомасы Ұлттық банк ноталарында жатыр. Яғни біз Ұлттық банк ноталары есебінен бұл өтімділікті іске асырамыз. Егер нарық бұл қағаздарды сатып алатын болса, онда ноталарды ішінара алмастыра аламыз", – деді Олег Смоляков.

Стратегиялық бастамалар орталығының (СSI) бас серіктесі Олжас Құдайбергенов "7-20-25" бағдарламасынан келер инфляциялық қауіп жоқ деп есептейді. Оның есептеуі бойынша, жылсайын баспана нарығына қосымша небәрі 240 млрд теңге түседі.

 "Мұның көп немесе аз екенін түсіну үшін мынаны білген жөн, елде 11 млн шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр, оның төрт миллионын халық өзі салуда, ал жеті миллион шаршы метр құрылыс компаниялар есебінен салынып жатқанын ескеру керек. Жеті миллион шаршы метр – бұл шамамен 4-4,5 млрд доллар. 240 млрд теңге – бұл 700 млн доллар. Бұл қазіргі деңгейге 20% қосу дегенді білдіреді", – деп атап кетті сарапшы.

Сонымен қатар, экономист бұл көлемге деген сұраныстың өсуі тұрғын үй нарығында қобалжу тудырмайды деп отыр. Ол құрылыс саласы 70%-ға жүктеліп отырғандықтан, нарық қосымша бөлінетін ақшаны тез игеретінін айтты. Яғни бағаны алып-сатарлықпен өсіру фактісі болмайды. Бұған дейін abctv.kz-ке Тұңғыш президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының президенті Айжан Мұқышбаева тиісті тәуекел туралы айтқан болатын.

Еске сала кетер болсақ, 5 наурыз күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында қалық көпшілікке қолжетімді жылдық 7% мөлшерлемесі бойынша 20% бастапқы жарнамен 25 жылға дейін несие берудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Жаңа ипотекалық өнімді іске асыруға 1 трлн тегеден астам қаражат тартылмақ. Әзірлеушілер бағдарламаның соңғы нұсқасын бір айдан кейін, яғни осы жылдың мамырында таныстырмақшы.

Динара Қуатова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу