Ұлттық банк қорындағы алтынның көлемі жаңа рекордтық көрсеткішке жетті

3923

Реттеуші отандық алтын өндірушілерден қымбат металды қарқынды сатып алуда.

Ұлттық банк қорындағы алтынның көлемі жаңа рекордтық көрсеткішке жетті

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Ұлттық банктің алтын-валюта қоры (АВҚ) 2,5%-ға, 30,9 млрд долларға дейін өскен. Негізгі өсім алтын құнының өсуі арқасында және реттеушінің қоймаларындағы металл қорларының аздап өсуінен болды. Бұл туралы Ұлттық банк 14 қаңтар күні мәлім етті.

Атап айтсақ, 2018 жылдың соңында реттеушінің қорындағы алтынның бағасы 14,4 млрд долларға жеткен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,15%-ға көп. 2017 жылы АВҚ-дағы алтынның ақшалай құны тура 30%-ға өскен. Нақты көлемде алтын қоры 11,11 млн троя унициясына немесе 315 тоннаға жеткен, деп 1 желтоқсандағы ресми есепте көрсетілген. Алайда Ұлттық банк басшысы өткен жылдың қыркүйегінде 335 тонна қымбат металл бар деп мәлімдеген болатын.

Ресми есепке сүйенер болсақ, 2017 жылдың 1 қарашасында қордағы алтынның көлемі 9,39 млн троя унициясы немесе 266 тонна болған. Бұдан кейін реттеуші қорлардағы алтын қоры бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы жиырма елдің қатарына кіретінін, еліміздегі алтын 291 тонна екенін айтқан еді.

Алтынды қарқынды сатып алу жағдайында АВҚ-ның үлесі 46,6% жаңа абсолютті тарихи рекордтық көрсеткішке жеткен. Бір жыл бұрын көрсеткіш 39% болған. 2018 жылдың желтоқсанындағы металдың нақты қоры туралы мәлімет биылғы жылдың қаңтар айының соңында шығады.

Жалпы 2018 жылы Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 0,38%-ға немесе 88 млн, 30,9 млрд долларға дейін төмендеген. Олардың құрылымындағы валюта қоры 10,7%-ға немесе 2 млрд шамасында,16,5 млрд долларға дейін төмендеген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы халықаралық қорлар желтоқсанда 1%-ға немесе 854 млн долларға өскенімен, 0,8%-ға немесе 700 млн, 88,6 млрд долларға дейін қысқарған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қорға түскен түсім 5,08 трлн теңгені құраған, оның 3,2 трлн-ы мұнай-газ секторы кәсіпорындарының салықтары, ал 1,84 трлн теңгесі қор активтерін басқарудан түскен инвестициялық кіріс. Биылғы жылы бюджетке 2,6 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осылайша Ұлттық қорға түскен таза түсім 2015 жылдан бері бірінші рет 2,46 трлн теңгеге артық болды. Бұған дейін, яғни 2015 жылы, қордың қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болды: түсім 11,8 трлн теңге ( оның 10,2 трлн-ы қорды басқарудан түскен инвесткіріс), алынғаны 2,5 трлн теңгеге жуық.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу