Биылғы жылдың тамызында Ұлттық қорға түскен түсім 597,9 млрд теңге болып, жыл басынан бері 1,23 трлн теңгені құрады. Мұны аbctv.kz зерделеген Қазақстан қаржы министрлігінің жаңартылған статистикасынан аңғаруға болады. Алайда бұл елдегі валюта қоры көлеміне еш жағымды әсер етпеді.
Есептік айда Қазақстанның жалпы халықаралық қоры 310 млн долларға, 87,3 млрд долларға дейін қысқарған. Оның құрылымындағы негізгі төмендеу нақты осы Ұлттық қордың активтері бойынша болған, яғни 0,5% немесе 250 млн, 56,5 млрд долларға дейін төмендеген.
Қорға тамызда 600 млрд теңге түсім түсіп, одан республикалық бюджетке жол тартқан трансферттер көлемі 30 млрд теңге болған. Бұл яғни қорға тартылған таза қаражат ағыны 570 млрд теңге деген сөз. Қазір қолда бар мәліметке мән беретін болсақ, бұл ақшаның қайда кеткені әзірге түсініксіз.
Қазақстан Ұлттық қорының негізгі жалпы кірістері ӨБК бойынша төлемдер (243 млрд теңге) және ренталық салық (136,4 млрд теңге) қамтамасыз еткен. Теңгенің құлдырағанына қарамастан, қаржы министрлігінің есебінде инвестициялық шығын биылғы жылдың I тоқсанында теңге нығайғанымен, бұрынғыша 785,4 млрд теңге болып тұр.
Қаржы министрлігінің есебінен, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірістері биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде 11% немесе 766 млрд, 6,25 трлн теңгеге дейін қысқарғанын көруге болады. Алайда төмендеу жоспарлы түрде іске асқан және Ұлттық қордың мақсатты трансферттерінің секвестрімен байланысты болған. Осы уақыт ішінде салықтық түсімдер 15%-ға немесе 550 млрд, 4,16 трлн теңгеге дейін өскен.Тамыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қазынаға түскен нақты түсімдер 5,5 трлн теңгеге дейін өскен.
Қазақстан Ұлттық банкінің алтын-валюта қоры, алдын ала берілген мәлімет бойынша, 0,2%-ға немесе 63 млн, 30,78 млрд долларға дейін қысқарған. Дегенмен алтында тұрған активтер 0,2%-ға немесе 25 млн, 12,8 млрд долларға дейін өскен, ал валюталық қорлар керісінше 87 млн, 17,95 млрд долларға дейін төмендеген.
Сұлтан Биманов