Үндістан Айдың оң полюсіне сәтті қонып, тарихты Ресейден бірінші жасаудан үмітті

2240

Миллиондаған үндістандық "Чандрайан-3" миссиясының Айға бүгін аман жетуін тілеп дұға жасап жатыр. 

Үндістан Айдың оң полюсіне сәтті қонып, тарихты Ресейден бірінші жасаудан үмітті Фото: yaplakal.com

Үндістан сәрсенбіде Айға қонып, тарихта атын қалдырмақшы. Бүгін оның "Чандрайан-3" аппараты діттеген жерге сәтті жетсе, Үндістан Айдың аз зерттелген оңтүстік полюсіне жақын қонған алғашқы мемлекет атанады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл миссияның басты мақсаттарының бірі - болашақта Айда адамдардың мекендеуіне жол ашатын су негізіндегі мұзды қолға түсіру.

Үндістан бұл әрекетті Ресейдің Луна-25 миссиясы дәл сол полюске бірінші барамын деп апатқа ұшырағаннан кейін, бірнеше күн өткенде жасап отыр.

Егер Чандрайан-3 роверінің жолы болса, Үндістан Айға жұмсақ қонған төртінші елге айналады: осыған дейін АҚШ, бұрынғы Кеңес Одағы және Қытай Ай экваторының жанына табан тірегені белгілі.

2009 жылы Үндістанның Чандрайан-2 зонды Айдың бетіне құлап, оның  Айдың оңтүстік полюсіне қону әрекеті сәтсіз аяқталды.

Қазір дүние назары - Чандрайан-3-те.

Орбиталық аппараты, қондырғышы және ровері бар бұл ғарыш кемесі шілденің 14-інде Үндістанның оңтүстігіндегі Шрихарикота ғарыш орталығынан көкке самғады. Оның Айға сапары бүкіл Үндістан жұртын толқытып, елдің түкпір-түкпірінен осы миссияның сәтті өтуіне игі тілектер айтылып жатыр.

Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымының (Isro) мәлімдеуінше, Чандрайан-3 миссиясының Айдың оңтүстік полюсіне қону сәті тікелей эфирден көрсетіліп, тарихи оқиғаны миллиондаған адам тамашалауы мүмкін. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, қазір ел тұрғындары Чандрайан-3 сапарының оң болуын тілеп, дұға жасап жатыр.

Isro басшысы Средхара Паникер Соманат Чандрайан-3 көздеген жеріне аман әрі жұмсақ қонатынына сенімді.

Айта кетсек, 2008 жылы Үндістанның Айға алғаш рет жіберген Чандрайан-1 кемесі Айдың құрғап қалған бетінде су молекулаларының барын және Айдың күндізгі уақытта атмосферасы болатынын анықтады.

Сәтсіздікке ұшыраған Чандрайан-2 болса, есептен толық шығарылған жоқ. Оның орбиталық аппараты бүгін де Айды айналып, Жерге суреттер мен деректер жіберуге көмектесуге қауқарлы.

Чандрайан-3 миссиясының ровері "Ай бетінің физикалық сипаттамаларын, оның үстіне жақын атмосфераны және Айдағы тектоникалық белсенділікті зерттеуге қажетті бес ғылыми құралмен жабдықталған.

Алты дөңгелекті ровер Айға қонып, табан тіреген жерінің шаңы басылғаннан кейін, тастар мен кратерлерді айналып өтіп, маңызды деректер мен суреттерді жинауға кірісіп, оларды Жерге жіберетін модульге табыстайды.

Айдың оңтүстік полюсі – өте ауқымды және ол көлеңкеде қалған. Ғалымдардың айтуынша, мұнда су болуы мүмкін.

Үндістан Айға көз тіккен жалғыз ел емес. Жердің табиғи серігіне жаһандық қызығушылық артып келеді. Және де таяу жылдары Ай бетіне көптеген миссиялар аттанады деген болжам бар. Зерттеушілер Айды ғарыштың тұңғиығына бойлар жолдағы қақпа деп сипаттап, Ай турасында адамзаттың әлі көп нәрсені түсінбейтінін айтады. Сонымен қатар, олардың ойынша, Чандрайан-3 жобасы сәтті шықса, осы ізденіс жолында алға бір қадам жасалды деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу