Валюта алыпсатарлары теңге сатып алып жатыр

Камила Абдиева Камила Абдиева
2136

Керри-трейдерлер Ұлттық банктен ноталар сатып алуды I тоқсанда төрт есе арттырған.

Валюта алыпсатарлары теңге сатып алып жатыр

Резидент еместердің Ұлттық банктің ноталарында орналастырған үлесі биылғы жылдың қаңтар-наурызында 3,1% -дан 12,2%-ға өсті. Тоқсан соңында реттеушінің құнды қағаздар көлемі 4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы инфляциялық процестерге арналған тоқсан сайынғы есепте анық көрсетілген.

Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарына сұраныстың артуы 2017 жылдың IV тоқсанында шетелдіктердің бақылауындағы ішкі мемлекеттік қарыз 13,4%-ға, 474 млн долларға дейін өскен кезде қайта жанданды. 2017 жылдың III тоқсанында резидент еместер реттеушінің ноталарындағы өз позицияларын қысқартты.

2018 жылдың I тоқсанындағы алдын ала қорытынды бойынша резидент еместердің сатып алған МҚҚ портфелі 480 млрд теңгеге жетті, бұл 1,5 млрд долларға тең. Бұл мониторинг жасау тарихындағы бұрын-соңды болмаған рекорд.

Мұның алдындағы рекорд былтырғы жылдың алғашқы жартыжылдығының соңында резидент еместер өз балансында 640 млн долларға Қазақстанның мемлекеттік қағазын ұстап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе асып түскен кезде болған еді.

Теңгелік мемлекеттік қарызға деген сұраныс нарыққа пайыздық мөлшерлеме айырмасынан пайда көріп қалғысы келетін валюталық алыпсатарлардың келуімен байланысты. Керри-трейд (сarry-trade) – мөлшерлеменің әртараптануынан пайда көруді мақсат ететін қор және валюта нарығындағы танымал инвестициялық стратегиялардың бірі.

Тәжірибеде ол көбінесе төмен мөлшерлемемен бір валютада қарыз алып оны кейін басқа валютада ұсынылған (мысалы, МҚҚ) өндірістік құрал қаражатына қайта инвестициялауда көрініс тауып жатады. Бұл орайда инвестиция салынатын табыстылық мөлшерлемесі міндеттеме бойынша шығыннан асып кетеді. Керри-трейд операциялары болса былтыр жыл бойына пайда әкелген , деп Ұлттық банк сарапшылары есептеп шығарды.

"2017 жылы айырбас бағамының (теңге) өзгеруі бойынша болжам алты пайыз болды, бұл ретте сыртқы және ішкі мөлшерлеменің дифференциалының орташа көлемі 8,9% болды, осыған сәйкес 2017 жыл бойына арбитраж үшін мүмкіндік болды", - делінген реттеушінің ССШ-ның трансмиссиялық тетігін танып білуге арналған зерттеуінде.

Сондай-ақ "Қазақстан даму банкі" АҚ-тың үш жыл мерзімге дейін және жылдық 9,5% мөлшерлемемен 100 млрд теңге көлемінде теңгелік евробондтарды шығарғаны туралы еске салып өткен жөн. Бұл құнды қағазға деген сұраныс қол қою барысында ұсыныстан 1,7 есе асып кетті. Айта кетерлігі, отандық инвесторларға шығарылған қағаздың тек 2% ғана тиді, ал қалғанын шетелік инвесторлар сатып алды. Бірнеше айдан кейін мемлекеттік банк резидент еместерге төмен мөлшерлемемен 100 млрд теңгеге тағы теңгелік еуробонд сатты. Алайда шығаруға өтініш қабылдау кітабында тек 1,2 есе өтініш қана болғанын abctv.kz мемлекттік банктің өзінен нақтылап білді.

Осы уақыт ішінде Қазақстан Ұлттық банкі керри-трейдерлермен белсенді жұмыс жасауда. Биылғы жылдың 16 қаңтарында реттеуші Clearstream Banking S.A. Luxemburg (Clearstream)-пен бірлескен жоба туралы хабарлады. Екі апта өткеннен кейін қаржы министрлігі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Euroclear-да осыған ұқсас келісім жасады. Бұл жерде әңгіме Қазақстан МҚҚ-сын ірі клирингтік жүйелерге қосу туралы болып отыр. Ал бұл шетелдіктердің 12,9 трлн теңге немесе 37,8 млрд доллар көлемі бар отандық борышкерлік нарыққа қолжеткізуін жеңілдетеді. Бұл шешімдер борышкерлік мемлекеттік қағаздардың өтімділігін арттырады және ол бойынша қарыз алу құнын төмендетуі мүмкін,

"Орташа мерзімді кезеңде капиталдың мобильділігі артады, осының негізінде базалық мөлшерлеменің теңге бағамына әсер етуі ықтимал", - деп түсіндірді Ұлттық банк экономисі Денис Чернявский.

Қазақстандық МҚҚ-ны ірі клирингтік жүйеге қосудың тағы бір жағымсыз тұсы сыртқы әсерден теңге бағамының үлкен құбылмалығы, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың кетуіне және мемлекеттік облигациялардың жаппай сатылымына әкелетін негізгі және жанама факторлардың әсері болуы мүмкін. Қазір тап осындай жағдай Ресейде байқалуда, оларда АҚШ тарапынан салынған жаңа санкцияларға байланысты инвесторлардың кетуі рубль бағамының құлдыратып жіберді.

Қазақстанның МҚҚ-сы – Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі (қазынашылық облигациялар түрінде) мен Ұлттық банк (қысқа-орта- және ұзақмерзімді ноталар) атынан айналысқа шығарған борышқорлық құнды қағаздар.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу