"Виртуалды су" деген не?

1824

Біз неге суды үнемдемейміз?

"Виртуалды су" деген не?

2020 жылы сумен жабдықтау кәсіпорындары желіге 2,4 млрд текше метр су берді – бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,1%-ға артық. Су көлемінің төрттен бір бөлігі тазарту қондырғыларынан өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking сайтына сілтеп.

Халыққа таза ауызсу көбірек беріле бастады

Тұтынушыларға жіберілген су көлемі 1,2 млрд текше метрді болды. Бұл былтырғыдан 3,8%-ға артық. Оның ішінде халыққа 47,6% немесе 573,7 млн текше метр жіберілді – былтырғыдан 7%-ға артық.

Судың көбі Алматы (76,3 млн текше метр, былтырғыдан 5%-ға артық), Шымкент (55,1 млн текше метр, 11,9%-ға артық) қалалары мен Қарағанды облысының (54,2 млн текше метр, 1,5%-ға артық) тұрғындарына жіберілді.
Елде бір тұрғынға тәулігіне, орташа есеппен, 83,8 литр су жіберіледі. Бұл – былтырғыдан 5,7%-ға артық көрсеткіш.

Жіберілген су мына аймақтарда бір тұрғынның басына шаққанда көбірек келеді. Маңғыстау облысы (тәулігіне бір тұрғынға 174,3 литр), Шымкент (142,9 литр) және Нұр-Сұлтан (127,7 литр).

Ең төменгі көрсеткіштер Түркістан (47,1 литр), Алматы (51,4 литр) және Жамбыл (52,2 литр) облыстарында.

Су бағасы аздап қымбаттады 

Сумен жабдықтау процесі күрделі және көп сатылы. Қазақстанда ұйымдар суды сатып алады, сорғы станцияларының көмегімен оны магистральдық құбыржолдары арқылы сүзіп, тазартады да ауызсу ретінде пайдалануға жеткізеді. Сосын желілермен тұтынушыларға жібереді.

Жыл басында сумен жабдықтайтын 865 кәсіпорын мен олардың бөлімшелері және жеке кәсіпкерлер жұмыс істеген. 3,79 мың су құбырлары құрылыстары (жылына +16,3%) болды, оның ішінде 3,28 мыңы (жылына +20,9%) – су тарту құрылыстары, 381-і (+7%) – су тазарту құрылыстары.

Су бағасы бір жыл ішінде аздап өзгерді. Мәселен, он айдың қорытындысы бойынша, суық су былтырғы кезеңнен – 3,5%, ыстық су 1,4%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, 2020 жылғы қаңтар-қазанда 2019-ға қарағанда суық су – 2,7%, ал ыстық су 1,7%-ға арзандаған.

Өнімде жасырылған су

Қазақстан әлемдегі ең көрнекті "су жолдары" бар елдердің қатарында

"Су жолы" суды пайдалану дәрежесін әр түрлі деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, тікелей және виртуалды. 

"Виртуалды су" деген – адамдар күн сайын сатып алып пайдаланатын өнімдерде, қызметтерде және процестерде жасырылған су. "Виртуалды су" пайдаланушының назарынан тыс қалғанымен, ол бағаға әсер етеді және негізінен осы өнімдер мен қызметтерді өндіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанның "су жолы" орташа алғанда күніне бір адамға 1,72 мың галлон* (немесе 6,5 мың литр) болады. 
АҚШ-тың "су жолы" күніне бір адамға 2,2 мың галлон, Канада – 1,69 мың галлон, Ресей – 1,34 мың, Қытай – небәрі 775 галлон.

Осылайша, әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда суды тұтыну ("виртуалды суды" қоса алғанда) жоғары болып саналады.

* Американдық галлон ≈ 3,785 литр.

Ресеймен салыстыру

Қазақстандықтар су үнемдеу туралы ойламайды. Өйткені бұл секторда баға төмен. Еуропаның ірі қалаларында, оның ішінде Ресей қалаларында суық су құбырының құны бірнеше есе жоғары.

Waternewseurope.com https://www.waternewseurope.com/water-prices-compared-in-36-eu-cities/ деректері бойынша, Еуропаның ең қымбат қалалары – Осло (Норвегия), Штутгарт (Германия) және Копенгаген (Дания). Бір текше метр ағын судың құны 4-5 еуроны құрайды.

Салыстырайық, Нұр-Сұлтанда суық судың текше метрі 0,1 еуро, Алматыда – 0,96 еуро. Санкт-Петербургте (0,36 еуро) сумен жабдықтау құны төрт есе, ал Мәскеуде (0,45 еуро) – бес есе жоғары. Орташа алғанда, Ресейде суық сумен жабдықтау бағасы ҚР-ға қарағанда үш есе жоғары. 

Ал Ресей Федерациясындағы еңбекақы орта есеппен алғанда, қазақстандықтардың айлығының үштен бір мөлшеріне ғана артық.

Айта кетейік, ҚР және РФ бойынша деректер Ұлттық статистика бюросы мен Росстаттан алынды. Биылғы наурыз айындағы деректер. Еуропалық рейтинг негізінен қыс/көктем бағаларын ескереді.

Қалай үнемейміз? 

Discoverwater мәліметтері бойынша, құбырлардағы проблемалар салдарынан немесе басқа да себептермен күн сайын 2,95 миллиард литр су шығын болады.

Әр үйде су шығынын едәуір азайтуға болатын қарапайым ұсыныстар бар.

1. Су құбырлары мен сантехниканы қалыпта күтіп ұстау:
– Бір күнде краннан 24 литр су тамшылайды (айына – 720 литр);
– Бір күнде краннан 144 литр су ағып кетеді (айына 400 литр);
– Әжетхана багынан тәулігіне 2000 литр су ағып кетеді (айына 60 мың литр).
2. Кранға резеңке төсемнің орынына металкерамикалық элементті қолданыңыз.
3. Душқа сапалы бүріккіш алыңыз.
4. Ыдыс-аяқты суды ағызып қойып жумаңыз. Сонда 10 есе көп су үнемдеуге болады.
5. Киім жуғыш немесе ыдыс-аяқ жуғыш мәшинеге инструкцияға сай жүк салыңыз. Бұл энергиямен қатар суға да үнем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу