Жүргізушілер апатта алғашқы көмек көрсетуге міндеттеледі

2809

Қазақстанда апат бола қалса, алғашқы көмек көрсетушілердің тізімі қайта қаралды.

Жүргізушілер апатта алғашқы көмек көрсетуге міндеттеледі

Оларға автобус жүргізушілері де, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметкерлері де жатады.

Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстанда алғашқы көмек көрсету стандарты және алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар тәртібі туралы" бұйрық әзірледі.

Ол елімізде алғашқы көмек көрсету стандартын және алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар тәртібін бекітеді.

Нәтижесінде, Қазақстанда алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге міндетті адамдарға ІІМ қызметкерлері; әскери қызметкерлер; денсаулық сақтау саласының; білім беру саласының; өрт қызметінің; құтқару қызметінің; ведомстволық күзеттің және авиация қызметкерлері жатады.

Бұдан бөлек, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің қызметкерлері; жеке күзет қызметін жүзеге асыратын тұлғалар; әуежайлар мен темір жолдардың қызметкерлері және автобус паркінің жүргізушілері – барлығы 12 санат кіріп отыр.

Бұл адамдардың барлығы жедел жәрдемді алмастырмайды, бірақ ол жеткенше, зардап шегушілерге көмек көрсетуге міндетті болады.

Әрине, осы мақсатта аталған санаттағы адамдар арнайы курстан өтуі керек болады.

Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қол қоюымен өмірге жолдама алатын құжатта көрсетілген: "Алғашқы көмек көрсетуге дайындықты жоғары медициналық білімі және белгіленген үлгідегі BLS (Basic Life Support, базалық реанимация)  нұсқаушысының сертификаты бар дайындалған мамандар жүргізеді, ол алғашқы көмекті оқыту курсын өз бетінше өткізуге және сертификат беруге құқық береді. Оқыту симуляциялық жабдықты пайдалана отырып теориялық бөлім және практикалық сабақтар форматында жүргізіледі. Алғашқы көмек көрсетуді оқыту бойынша қайта сертификаттауды екі жылда бір рет кезеңділікпен өтеді".

Сонымен алғашқы көмек көрсетуші міндетті түрде "103" жедел медициналық көмек бригадасын және қажет болған жағдайда басқа да шұғыл әрекет ету қызметтерін шақырады.

Бұған қоса, қажетті ақпаратты жинайды: оқиғаның болған орны (көше, үй, корпус, кіреберіс, қабат, пәтер нөмірі, кіреберіс коды немесе домофон), зардап шегушілер саны; жынысы; жасы; не болғаны туралы мәліметтер (жол-көлік оқиғасы, ессіз) және басқасы.

Сонда-ақ бұл азаматтар зардап шегушінің есінің болуын анықтайды. Бұл үшін "иығынан абайлап шайқап, "Жағдайыңыз дұрыс па?" деп сұрауы" шарт. Стандартта бұл адамдардың зардап шегушілердің тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, өмір белгілерін анықтау; өмір белгілері пайда болғанға дейін жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу бойынша және басқа да іс-шаралар жүргізетіні жазылған.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу