Жыл басы банк секторында тоқырау бар

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
3144

Банктердің жиынтық активтері мен меншікті капиталы азайып келеді.

Жыл басы банк секторында тоқырау бар

"Екінші деңгейлі банктердің шығыны таза кірістен 102,1 млрд теңгеге асып кетті", деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бас банктің 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларына жасаған қорытындысында елдегі банк секторының жиынтық активтері жыл басынан бері 2,6% азайып, 2019 жылғы 1 наурызда 24 578 млрд теңгені құраса, жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы ақпанда 1,0%-ға азайып, 2 991,9 млрд теңге болды.

Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,3%, бағалы қағаздар портфеліне – 21,9%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 15,0% тиесілі.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 21 586,1 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап азаю 2,9%) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 78,5%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,0%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,5%-ды иеленеді.

Депозит дағдарысы
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 8,6%-ға қысқара отырып, 2019 жылғы ақпанның соңында 17 585,8 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 9 148,3 млрд теңгеге дейін 14,6%-ға төмендесе, жеке тұлғалардың депозиттері 8 437,6 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға азайды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 9 917,5 млрд теңгеге дейін 7,4%- ға қысқарды, шетел валютасында 7 668,4 млрд теңгеге дейін 10,2%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы ақпанның соңында 43,6%-ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы ақпанда 5 262,2 млрд теңгеге дейін 13,7%-ға, шетел валютасында 3 886,1 млрд теңгеге дейін 15,9%-ға төмендеді.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 655,3 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 782,3 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға төмендеді.

Кредит нарығының драйвері – қарыз алған халық
Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы ақпанның соңында 12 489,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 0,2%-ға артық.

Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 132,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 356,7 млрд теңгеге дейін 0,7 %-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда 10 011,6 млрд теңгеге дейін 1,1%- ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,4%-ға, ал жеке тұлғаларға кредиттер 0,9 %-ға ұлғайды.

Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 477,7 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,5%-ға, ал жеке тұлғаларға кредиттер 5,8%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы ақпанның соңында 80,2%-ды құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 0,9%-ға азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,6%), сауда (13,8%), құрылыс (5,9%), көлік (4,0%) және ауыл шаруашылығы (1,8%) сияқты салаларға тиесілі.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу