"Бірдеңені бүлдіріп жүрген адам, прокурорға ашық қарсы шықпайды"

2164

Қайырбек Сүлейменов пен Болат Палымбетов қарағандылық бизнесмендермен кездесті.

"Бірдеңені бүлдіріп жүрген адам, прокурорға ашық қарсы шықпайды"

Кеншілер қаласында Қарағанды облысының кәсіпкерлер құқын қорғау және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы кеңестің отырысы өтті. Оған бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов пен "Атамекен" ҰКП республикалық кеңесінің басшысы Қайырбек Сүлейменов қатысты.

Жиналыс алдында Болат Палымбетов жергілікті кәсіпкерлерді қабылдап, оларды проблемаларымен танысты. Жиналыс осы мәселелер төңірегінде өтті.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына 2015 жылдан бері ішкі істер органдарының, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты 12 шағым түскен.

Мысалы, 2017 жылдың наурыз айында жеке кәсіпкер ЖК Д.А. Хамзина сотталмағаны туралы анықтама алғанда, 2015 жылдың 26 қарашасында Шахтинск қаласының ІІБ ҚР ҚК-нің 1-т, 389-бабы бойынша Д.А Хамзинаға қатысты қозғалған №153528031002362 іс ҚР ҚПК-нің 35-бабының, 1-бөлімі, 12-тармағы, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1 тармағы, яғни тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылғаны туралы шешім шығарғаны белгілі болған.

Сонымен қатар Қарағанды облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының мәліметтер базасында Д.А. Хамзина ауырлығы орташа құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылғандығы көрсетілген Л-2 карточка болған.

Алайда Д.А. Хамзинаның өзі бұл туралы тек анықтама алғаннан кейін ғана білген. Кәсіпкер жауап алуға ешқандай шақырту алмаған. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғаны және оны тоқтату туралы шешім шыққаны жайлы хабарлама алмаған. Ал бұл ҚР ҚПК нормаларын өрескел бұзу болып табылады.

Қайырбек Сүлейменов Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Мейрам Таутеновке аталған мәселені шешіп, кінәлілерді жауапқа тартуды ұсынды.

Ал Болат Палымбетова мемлекет басшысының кәсіпкерлік ортада құқықбұзғаны үшін санкцияларды төмендету жөніндегі жұмысты одан әрі жүргізу қажеттігі туралы айтқанын еске салып кетті. 

Содан соң омбудсмен Қарағанды облысының құқық қорғау органдарын өте абай болуға шақырып: "Кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғаған кезде олардың банктен несие алу желісін жоғалтатынын, мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмай қалатынын, сонымен қатар олардың қаншама жұмыс орны мен салық беріп отырғанын естен шығармау керек", -деді.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкер Мәдина Жақыпбекованың мәселесі қызу талқыланды.

Кәсіпкердің өтінішіне сүйенер болсақ, академия басшылығы негізсіз шектеулерді енгізіп және қаптаған тексеріс ұйымдастырып, кәсіпкерлік қызметті іске асыруға кедергі келтіруде.

"Басшылықтың жұмысына шағым жасағаннан кейін, тауып отырған табысымыз жүз есе түсіп кетті. Себебі курсанттар мен офицерлер асханаға келмейді, оларға бізге қатысты жиналыс өткізген", – дейді кәсіпкер.

Облыстық мәслихат депутаты және Қарағанды облысының кәсіпкерлер құқын қорғау және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы кеңес мүшесі Айман Түкбаев кәсіпкерді қолдап: "Барлығымыз үлкен адамдармыз, ешқандай данышпансудың қажеті жоқ. Нақты айтар болсақ, бұл жерде академия басшылығының көңілінен шығатын бір кәсіпкер тоғыз жыл жұмыс істеді. Қазір мемлекеттік сатып алулар арқылы заңды жолмен басқа кәсіпкер келді. Ал ол академия басшылығына ұнамайды, сондықтан барлық кедергілер қолдан жасалып отыр. Кәсіпкер жалдау ақысын төлеу үшін несие алады. Ал академия басшылығының кәсіпкерге жасап отырғаны мүлдем шектен шыққандық. Ал біз болсақ осы мәселені үшінші рет қарап жатырмыз", – деді.

Бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі агенттік немесе прокуратураның бұл мәселені шеше алатынына сенімсіздік білдірді.

"Бұл процессуалдық араласу емес – бұл кәсіпкерді аталған бизнестен ығыстыру. Бұл "қайтарып алу- құрту" деген кек алу тәсілі. ІІД-нің ішкі қауіпсіздігіне жібергеннен пайда жоқ. Қаржы полициясы мен прокурор тексеруге келді дейік. Ал сіздер оларға бұл жерде тоғыз жыл басқа адам жұмыс істеп басшылыққа бірдеңе бергенін, ал өзіңіздің ештеңе бермейтініңізді дәлелдеп көріңіздер. Олар сосын сіздерді сотқа беріп, "Атамекеннен", прокурордан, қаржы полициясынан тіл тигізіп, моралдық шығын келтіргені үшін ақша өндіріп алады. Олар: "Курсанттар келгісі келмейді", – дейді. Ал сіздер: "Олар азғырды", – дейсіздер. Бұл кәсіпкерге деген дөрекі қарым-қатынас. Бұл – ішкі істер министрлігінің мәселесі. Министр бригада жіберіп, мәселені шешу керек. Сондай-ақ бұл мораль мен әдепке қатысты мәселе. Мұның барлығын министрге жеткізіп, айту керек", – деді.

Ақыр-соңында Қайырбек Сүлейменовтің ұсынысы бойынша кеңес мүшелері (ал ол облыстық құрылым басшыларының орынбасарларына тұрады) академия басшылығымен байланысып, бұл мәселенің Болат Палымбетовтің қатысуымен өткен кеңес отырысында қарастырылғанын хабардар ететін болды.

"Астанада шешкенге дейін оған бес күн берілгенін ескертіңіздер. Егер жағдайды түземейтін болса, онда шағым президент әкімшілігіне, сонымен қатар ішкі істер министрлігіне кететін айтыңыздар. Оған жағдайды реттеуге уақыт берейік. Ал, сіз (кәсіпкерге қарап) барып, табалдырықты тоздырмай-ақ қойыңыз. Бөліспеңіз – Одан да қайғырып отыра тұрыңыз! Әзіл ғой", - деп күлді Қайырбек Сүлейменов.

"Мен бөлісуге дайынмын!",– деп Мәдина Жақыпбековада көңілді жауап берді.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов болса, бұл мәселе жеке тоқталатындықтарын айтты.

Содан кейін кәсіпкерлер құқын қорғауда істі соңына дейін жеткізу керектігін жеткізді.

"Егер кәсіпкер құқығының бұзылған туралы ашықтан-ашық айтатын болса, онда ол адам ештеңеден қорықпайды деген сөз. Яғни оның жұмысы дұрыс жүріп жатыр. Ал бірдеңені бүлдіріп, дұрыс жұмыс істемей жүрген адам прокурор мен қаржы полициясына ашық қарсылық көрсете алмайды. Бұл психологиялық тұрғыдан түсінікті", – деді ол.

Гүлназ Ермағанбетова, Олег И. Гусев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу