"Біз үшін Финляндия – Солтүстік Еуропаға жол ашатын қақпа"

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
13114

KTZ Express-ке Финляндияға апаратын жол не керек, ал АХҚО солтүстік Еуропаның инвестициялық банктерімен неге кездесті?

"Біз үшін Финляндия – Солтүстік Еуропаға жол ашатын қақпа"

Қазақстан мен Финляндия жүк жеткізу үшін теміржол бағытын және астаналар арасында тұрақты әуе рейстерін ашуы мүмкін. Таза технология, логистика және сауда саласындағы екі жақты қарым-қатынастың болашағы туралы abctv.kz-ке Қазақстан Республикасының Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі Мұрат Нұртілеуов баяндады.

- Елші мырза, сіз өткен жылдың көктемінде Хельсинкиде Қазақстан дипломатиялық корпусын басқаруға кірістіңіз. Финляндияны, біздің экономикалық және мәдени байланыстарымызды зерттеп үлгердіңіз бе? Бұл елде Қазақстан азаматтары көп тұра ма, олар қандай мақсатпен мұнда келеді?

- Алғаш болып мұнда кеңес заманында – біздің тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарында келіп қоныстана бастады. Ол кездері негізінен бір-бірімен қосылған Финляндия азаматтарының жарлары келді, мысалы оқу кезінде Сан-Петерборда не басқа жерде танысып, үйленгендердің жарлары. Қаражат табу үшін немесе жақсы өмір іздеп келген Қазақстан азаматтары болған жоқ. Мен осында келгенде, олармен кездестім. Шамамен 100-130 адам отбасын құрды. Финляндияда Қазақстаннан келген 35-38 студент оқиды. 24 адам Болашақ бағдарламасымен білім алды, 26 адам Patria (Финляндиядағы ұшқыш мектебі – ескерт.) орталығында ұшқыш ісін оқыды. Тәжірибе алмасу үшін мұғалімдер келіп, екі жақта да күші бар диплом алады. Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік үнемі өз тыңдаушыларын жіберіп отырады, жақында 55 адам келді. Тағы 600 адам медициналық персонал мен медбике ретінде қайта даярлықтан өтті. Санта-Клаусты көруге туристер келеді.

- Финляндияда Қазақстан бизнесмендері жұмыс істей ме?

- Әзірге мұнда қазақ бизнесі жоқ. Біз (Қазақстан елшілігі – автор) бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мен бұл жерге келгеннен кейін Қазақстаннан бірнеше делегация келген еді, олар бірлескен кәсіпорын құруды қарастырды. Қазақстан мен Финляндияның өзара қызметтестігі білім беру, көлік, биотехнология, CleanTech (таза технология, қалдықты қайта өңдеу – автор) салалрымен толығады. Олар жаңа толқынды қалыптастырады. Сонымен қатар осы жерден үйреніп, сосын оны өзінде пайдаланғысы келетін бизнесмендер де бар.

Хельсинкиге делегация көп келді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ресми сапармен келген болатын. "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов технологияларды қаржыландыратын Bank of Finland, Tekes қоры сияқты серіктестермен келіссөз жүргізу үшін келді, Солтүстік инвестициялық банкпен (Nordic Investment Bank) кездесті. АХҚО алаңына фин бизнесінің қатысу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ол жерде финдер белсенді жұмыс істейді деп ойлаймын. Олар Қазақстанның болашағы бар екенін және кейін онда бизнесін дамытуға болатынын біледі. Финляндияның ішкі нарығы шектеулі. Барлық тауар мен қызмет өзге елдерге, өзге тұтынушыларға бағытталған.

Көлік саласында болашақ бар: фин логистикалық компаниялары Қазақстанға барып та келді, біздің компаниялар – KTZ Express Финляндияға барып келді. Біз осы бағытты дамытуда қарқынды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Финляндиядағы теміржол торабының ені дәл біздікіндей. Олар бізбен Ресей арқылы байланыса алады, сондай-ақ біз Балтық теңізі елдері арқылы бір-бірімізге жүк жеткізе аламыз.

- Келіссөз болды ма?

- Тырысып жатырмыз. Әзірге іс бастапқы деңгейде, бірақ қызығушылық бар.

- Фин компаниялары Қазақстанға инвестиция салғысы келе ме?

- Финляндия экономикасының күші неде? Ол – шағын және орта бизнес. Олар өте көп, Қазақстанда да жұмыс істейді: авиацияға, тау-кен қазу өндірісіне арналған құрал-жабдық жеткізеді. Бірақ олар тауар айналымы бойынша үлкен көлем беретіндей ірі кәсіпорындар емес. Біз елшілік болып ірі жобаларды қаржыландыу үшін қосымша көздерді, институттарды табуға тырысамыз. Біз Хельсиникидегі серіктестерімізбен келіссөз жүргіземіз.

Мен серіктестігімізге кедергі келтіретін еш қиындық көріп тұрғаным жоқ. Қазақстан геосаяси деңгейде өте тиімді нарық. Жан-жағымызда Қытай, Иран, Орталық Азия, Ресейдің оңтүстік бөлігі қоршап жатыр. Олар үшін 500 млн-ға жететін нарық бар бұл жерде. Tikkurila компаниясы (Алматы облысында лак және бояу зауытын ашты – автор) Орталық Азияны, Қазақстанды меңгеріп алды. Кезекте Қытай, Иран және Таяу Шығыс тұр. Солтүстік Қазақстанда Sampo-Rosenlew компаниясы фин технологиясымен комбайн шығарады ("Қазтехмаш" машина жасау зауыты – автор). Қазір бұл тәжірибе Қазақстанның бүкіл аумағында кеңейтіліп жатыр.

- Астана қаласында өтетін халықаралық EXPO көрмесі кезінде екі ел астанасы арасында тікелей әуе қатынасы іске қосыла ма? Бұл бағыт қаншалықты қажет, екіжақты рейстер тұрақты бола ала ма?

- Ерекше айта кеткім келетіні, бұған бірінші кезекте Finnair қызығушылық танытып отыр. Әзірге EXPO-ны өткізу кезінде Астана мен Хельсинки арасында тұрақты емес тікелей рейстерді ашамыз деп келістік. Тұрақты рейстерді ашу туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Finnair мүдделі, Астана оны қолдайды.

- Біздің ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келе жатқан сияқты, тікелей рейс ашылды, Финляндия билігі EXPO-да ұлттық павильонын саламыз деп шешті. Алайда екі ел арасындағы тауар айналымы төмендеді.

- Бұл жаһандық үрдіс, барлық елде төмендеп жатыр (өзара сауда – автор). Қазақстанның экспорттық тауарларының бағасы екі есе, тіпті одан да көп төмендеді. Көлемі бұрынғыдай өзгеріссіз қалды, ал бағасы өзгеше. 1992 жылы тауарайналым 6,7 млрд долларға жететін, 2014 жылы 1,1 млрд доллар ғана болды – бұл металл, металл сынықтары, мұнай, дәнді дақыл. Шикізат экспорттың негізгі бөлігіне айналды. Бірақ 2015 жылы көрсеткіш тіпті 466 млн долларға дейін қысқарса, 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында – 268 млн доллар болды. Бір қызығы, біздің сауда қараша-желтоқсанда артады, бұл, негізінен, көмір шығар.

Анықтама үшін, ресми статистикаға жүгінсек, 2016 жылдың қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 298 млн доллар болды.

Екі жақты сауда біздің серіктестіктің деңгейін көрсетпейді. Ол тереңірек, мен технологияларды айтып отырмын. Технологияны бізге кім береді? Бұл әлдеқайда маңызды. Егер біз бірлескен өндіріс орындарын ашсақ, белгілі бір тауарлар екі ел арасында жүреді. Бірінші кезекте, біз жол табуымыз керек және байқауымша таптық та. Тоқталып кеткенімдей, біз жергілікті логистикалық компаниялармен кездестік. Болашағы бар деген жолдың бірі Оули порты арқылы өтеді. Қазақстаннан шығатын жол Ресей арқылы Оулиге жетеді. Қазір біз солармен жұмыс істеп жатырмыз, осы Қазақстан мен Финляндия арасындағы жолды (теміржол – автор) ашу үшін порттарда жұмыс істейтін компаниялармен парламентте кездестік. Егер біздің тауар ертең Финляндияға жетсе, одан арғы күні Данияға, Норвегияға, Швецияға жетуі мүмкін. Біз үшін Финляндия – Солтүстік Еуропаға жол ашатын қақпа, ал біз оларға Азияны ашамыз.

- Финляндияда мигранттар мәселесі қаншалықты өзекті? Ел қанша босқынды қабылдады?

- Финляндияда тәртіп орнатылған, бақылау қатаң. Өткен жылы ел шамамен 30 мың босқынды немесе мигрантты қабылдады. 2016 жылы олар квотаны азайтты. Финдер жайдан-жай елге мигрант кіргізе бермейді, оларды жұмыспен қамтуға тырысады. Мұнда Ауғанстанның адамдары көп.

Құралай Әбілғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу