"Cәтті сапар" ақпараттық жүйесі іске қосылды

2232

Транзиттік автотасымалдаушыларға көмек көрсетіледі. 

"Cәтті сапар" ақпараттық жүйесі іске қосылды

Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің "Сәтті сапар" ақпараттық жүйесі ілкі жоба режимінде өз жұмысын бастады.

Жүйе елдің транзитті-көліктік әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында енгізілді. Жүйенің мақсаты бетпе-бет кездесулерді болдырмау, жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту, транзиттік тасымалдаушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою, тасымалдаушыларға жайлы жағдай жасау және жол бойындағы тексерісті азайту. 

Бүгінгі таңда жыл сайын Қазақстан Республикасы арқылы шамамен 80 мың транзиттік автокөлік құралы жүріп өтеді. Негізгі бағыттар: Қытай Халық Республикасы сонымен қатар Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропа елдерінен келе жатқан транзитті жүктер.

Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жүк тасымалдауды жоспарлап отырған тасымалдаушылар үшін жүйеге өз еркімен тіркелу ұсынылады.

Жүйеде мына мәселелер қамтылған:

1. Тасымалдаушы sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы жүйеде өткізу бекеттерін, бағытын, рұқсаттама нөмірін және автокөлік туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүріп өтетін жолын алдын-ала тіркейді.

2. Жүйе деректерді тексереді, бірегей нөмір меншіктейді, электронды түрде мәліметтерді тіркейді. Тасымалдаушы деректері енгізілген құжатты басып шығара алады.

Тасымалдаушыға көліктік бақылау органдарының қызметкеріне аталған құжатты көрсету жеткілікті және қажет болған жағдайда рұқсаттаманың транзиттік бланкін (халықаралық келісімдердің нормасына сәйкес) көрсетеді.

3. Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүйе арқылы құжатта көрсетілген деректерді тексереді. Тасымалдаушы деректерді жүйеге дұрыс енгізген жағдайда автөкөлік тексеріссіз өтеді.

Тасымалдаушы көліктік бақылау өткізілген күн мен уақытты және электронды белгіні қойған қызметкердің дерегін sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы көре алады.

Қазір "Сәтті сапар" пилоттық режимде енгізілді және алдағы уақытта экспортты-импортты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды тіркеу жоспарланып отыр. 

Алдағы уақытта тасымалдаушыларға аталған жүйеде ұялы телефон арқылы электронды түрде қажетті рұқсаттаманы рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылады. 

Басқа сұрақтар бойынша 8(7172)75-47-76 нөміріне хабарласуға болады. Ұсыныс болған жағдайда e.yanabaev@mid.gov.kz электронды  мекен-жайына жазуларыңызды сұраймыз. 

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу