"Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары жұмысынан босатылды

14547

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астанадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің ақпаратына байланысты Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары Риза Акчуриннің ұсталғаны хабарланды.

"Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары жұмысынан босатылды

Заңға сәйкес Риза Акчурин тергеу жұмыстары кезінде жұмыстан шеттетіледі. Бекітілген заң тәртібіне сәйкес Риза Акчуриннің міндетін "Сарыарқа" ауданы әкімінің өзара алмасу жөніндегі орынбасары атқарады.

Сонымен бірге Астана қаласының аудан әкімдігі "СБС-Снаб Сервис" және "Install Service Com" ЖШС-ға қатысты шараны тергеу органдарымен кеңесіп, келісіп барып, заңға сәйкес қолданады. "Сарыарқа" ауданы әкімдігі компанияға бекітілген учаскелерде қарды үздіксіз тазалау үшін қосымша күш тартты. Бұл жұмысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын "Астана- Тазалық" ЖШС атқарады.

"Сарыарқа" ауданы әкімдігі тергеу жұмысына істі тергеуге одан әрі көмекетесуге дайын.

Сонымен бірге "Сарыарқа" ауданы әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Бұдан бұрын Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімі әкімдік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау механиздерін енгізу мақсатында тұрғындардың өтінішін қабылдау үшін өзінің жеке телефон нөмірін жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу