"Төртеу түгел болса..."

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
1934

Қазақстан сирияаралық келіссөздің "төртінші раундына" барлық мүдделі тараптар келеді деп үміттенеді.

"Төртеу түгел болса..."

Мамыр айының басында Астана Сирия жанжалын реттеу жөніндегі төртінші кездесу өткізуге тағы да алаң беруді жоспарлап отыр. 2 мамырда Сирия мәселесі бойынша бітімге келу бойынша кепілгер елдердің сараптаушылық кездесуі өтеді деп күтілуде. Ал  3-4 мамырда жоғары деңгейдегі төртінші кездесудің өзі ұйымдастырылады.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кездесудің нақты мерзімін әзірге айтпай отыр. Сыртқы істер вице-министрі Мұхтар Тілеуберді журналистерге тек келіссөз "күтілуде" екенін айтумен ғана шектелді.

"Біз үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан кез келген деңгейде болсын қабылдауға дайынбыз. Сараптаушылық кездесуге біз дайынбыз", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, әзірше мүдделі тараптардың ешқайсысы қатысатынын  растаған жоқ. Алайда мекеме олардың келетініне үміттенеді.

"Егер тараптардың бірі келмесе, толыққанды келіссөз өтпейді. Сондықтан түгелі қатысса ғана, келіссөз өтті деп айтуға болады", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Еске сала кетейік, наурыз айында Астанада өткен үшінші кездесуге Сирияның қарулы оппозициясы қатысқан жоқ еді. Келіссөз барысында кездесу қатысушылары (оппозиция делегациясынан өзге) Сирияда атысты тоқтату тәртібінің сақтау, аталған тәртіптің сақталуын үшжақты қадағалау механизмінің тиімділігін арттыру, бітімдесуге қосылған аудандардың жағдайы, тұтқындар туралы ақпарат алмасу мәселелері, қарулы оппозиция топтары мен террористік ұйымдардың ара-жігін ажырату мәселелеріне баса назар аударды, сондай-ақ Сирияда орналасқан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра нысандарынан миналарды алып тастауда халықаралық қоғамдастықтықтың көмегі қажет екені айтылды.

Екі күнге созылған келіссөз қорытындысы бойынша кепілгер мемлекеттер ортақ мәлімдеме қабылдады, онда  атысты тоқтату тәртібін одан әрі нығайтуға мүделлі екенін растады және Женева келіссөздерін толықтырып отырған Астана процесінің маңызына баса назар аударды, мұндай келіссөздердің жалғасуын қолдайтынын білдірді.

Сирия мәселесі жөніндегі үшінші халықаралық кездесу Қазақстанның елордасында 14-15 наурызда өткен болатын. Келіссөзге атысты тоқтату тәртібінің кепілгер елдері – Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ БҰҰ, Иордания, АҚШ. Сирия үкіметінің өкілдері қатысты.


Ирина Севостьянова, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу