Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылды

15104
Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылды

Алматыда нэцкэ – жапонның дәстүрлі қолдан ойып жасалған мүсіндер өнері шеберлерінің жұмысы көрмеге қойылды. 

Дәстүрлі жапон мәдениетінде ағаштан немесе сүйектен жасалған кішкентай кескіндер төрт ғасырдан бірге жасап келеді. Басында нэцкэ кимонолардың беліне әмиян немесе ұсақ заттарға арналған шағын сөмкені бекіту үшін қажет болған. Уақыт өте келе «Эдо» дәуірінің қарқын алуымен кескіндер әдемілене түсіп, нақты өнер туындыларына айналды. 

Тарихшылар жапон мәдениетінде нэцкэнің пайда болу мәселесіндегі шындықты әлі таба алмауда. Шағын қолдан жасалған  мүсіндерді ежелгі Қытай мен Эфиопияда, сондай-ақ солтүстіктің халықтары аксессуар ретінде пайдаланды. Алайда оның ішінде жапон шеберлерінің жасаған бұйымдары бүкіләлемге танымал болды. 

Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылдыӘ. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі көрменің ашылу салтанатында Жапонның «Денся» триосы өнер көрсетті. Токиодан келген әртістер қала тұрғындарына жапонның дәстүрлі музыкасын ұсынды. 

«Заманауи ағаштан жасалған нэцкэ» көрмесінің бес жүзден астам жәдігері «Шығыс өнері» залына қойылды. Тап осы жерге музейдің қоймасында тұрған нэцкэда орын тепті. 

Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылдыКөрмеге қойылған жәдігерлердің көбісі нэцкэнің барлық дәстүрін сақтай отырып жасаған заманауи бедер салушы-шеберлер- нэцуэсшілердің қолынан шыққан. Мүсіндердің тек жартысы ғана заманауи стильде жасалған. 

Бұл көрме елімізде екінші рет өтуде. Астанада өткен экспозиция ұйымдастырушылардың жоспары бойынша іске асқан болса, ал Алматыдағы көрме Досым Сатпаев қорының бастамасымен өтуде. Оның идеясына Қазақстандағы Жапония елшілігі мен Қазақ-Жапон достығы қауымдастығы қолдау көрсеткен.

Көрменің ашылуына келген журналистер көрме мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарды жаудырды, оның ішінде жәдігерлердің бағасы туралы сұрақ ең қызықты болды. Журналистердің сұрағына жауап берген Досым Сатпаев бұл өнер туындылары ең бірінші оларды жасаған адамдар үшін бағалы екенін, сонымен қатар шағын мүсіндердің бағасы ондаған, тіпті жүздеген доллар тұратыны атап кетті. Әлемдегі ең қымбат «Кирин» - нэцкэсі бір миллион доллар тұрады екен. 

Көшпелі көрменің жәдігерлер қойылған сөрелері залдың қақ ортасына орналасқан, ал қалған жерге мемлекеттік өнер музейінің сақтауында тұрған жәдігерлер қойылған. Олардың дені көпшілікке алғаш рет ұсынылып отыр. Жәдігерлердің жартысы өткен ғасырдың ортасында Мәскеу музейінен келген. 

Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылдыАл қалған жартысы біздің елде жиналған. Мына жапон қылышын Қазақстаннан 2004 жылы алып кетпек болған. Бағымызға қарай, кеден қызметкерлері қылышты шекарадан өткізбей қойып, қазір ол музей жәдігерлері қатарын толықтырып тұр. 

Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылдыКөрме залының қабырғасына ілінген қарапайым суреттер Қазақстан тарихындағы тағы бір маңызды кезеңді еске салады. Бұл суреттерді соғыс жылдарынан кейін тұтқында болған жапон әскери тұтқындары салған. 

Ә.Қастеев музейінде жапон өнерінің көрмесі ашылды«Заманауи ағаштан жасалған нэцкэ» көрмесі 24 наурызға дейін жалғасады. Жапон мәдениетін бағалаушылар мүсіндерді тамашалап қана қоймай, оларды қолдарына ұстап көре алады. Шығыс мәдениеті өнерін бағалаушыларға музей жәдігерлерін тамашалау қызықты болары сөзсіз. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу