Шыны керек, Кенесары ханның сүйегін елге қайтарып, арулап қою екі ғасырдан бергі қазақтың арманы. Бірақ осы уақытқа дейін небір заман өтті. Кенсары ханның сүйегі емес, атын атап, баһадүрдің ерлігін баяндағандар қуғынға ұшырап, түрмеге жабылды. Енді тәуелсіз ел болғанда, Кенесары ханның сүйегін қайтарғаннан не өзгереді демей, парызымызды орындауымыз керек. Сол бақыт біздің замандастарымыздың еншісіне байланады бұйыртса. Кенсары ханның ұрпағы бола білейік!