Арзан автонесие жойылды

Сала басшысы ауысса, бұрынғының істегенінің бәрін жоққа шығарып, өзінше жаңалық енгізу бізде қалыпты жағдай. Сол секілді 4% жеңілдетілген автонесие беру тоқтатылып, барлық қаражат енді автобустарды жаңалауға жұмсалмақ. Неліктен бұлай болды деген сауалға – жыл сайын 9 млрд адам автобус пайдаланады деген жауап естідік. Ол 9 млрд адамның бізге қаншалықты қатысы бар екенін түсіну қиын әрине. Біздегі көпшілік автопарктер жекенің қолында, оған қоса автобус алу үшін басқа да несиелеу бағдарларламалары бар. Ал жеңіл көлік алу үшін арзан несие жалғыз еді. Енді бұл шара қалай жүзеге асырылады? Автобустар бұл қаражатқа қаншалықты жаңарады?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу