Түскі формат жаңалықтары:
• КЕЛЕСІ КІМ? Коронавирус кесірінен 5 ел төтенше жағдай жариялады. Әлем бойынша ауруды жұқтырғандар саны – 100 мыңға жуықтап қалды.
• БРОКЕРЛЕР АЛАҢДАУЛЫ! Індеттің салдарынан әлемдік қор нарықтары құлдырап барады. Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мәжбүр.
• ЖЕТІСУДЕ ЖЕР ДАУЫ УШЫҚТЫ. Бағбандар көлік жолының алқаптар үстінен салынуына қарсы.
• ҚАСҚЫРЛАРҒА ҚОЙ БАҚТЫРҒАН. Заңсыздықты анықтауға тиіс аудиторлардың өздері жемқорлыққа жол бергені анықталды.