Қазақстанда күніне 2-3 бала жоғалады. Оның 15 пайызы із-түссіз кетеді. Отандық кәсіпкерлер тәулігіне 24 сағат бойы баланың қай жерде жүргенін бақылайтын мобильді қосымша жасап шығарды. Бала мектептен шығып, бірақ үйге емес, басқа бағытта кетсе, бірден белгі береді. Сонымен қатар, оның көмегімен баланың ұялы телефонмен қанша уақыт қолданғанын, қандай ойындар ойнап, не істегенін де бақылауға болады.