Елімізде сүт өнімдерін шығаратын жүздеген шаруашылық бар. Олардың әрқайсысы күніне 100-150 текше метр болатын ірі қараның нәжісін шығарып тастайды. Ол қатты және сұйық қалдықтар ашық аспан астында құр шіріп жатыр. Отандық кәсіпкер олардан пайдалы органикалық тыңайтқыш жасаудың көзін тапқан.