«Қазақмыс» карьерлерге арналған ауыр техникалардың өндірісін арттырмақ. Металлургия алыбына қарасты «ҚазБелАз» кәсіпорны соңғы 5 жылда «БелАз – 7547» ауыр жүк көлігінің 16 данасын шығарған. Компанияның атқарушы директоры Сергей Потылицынның айтуынша кәсіпорын отандық өндіріске білек түре кіріспек.