Жасанды интеллект қазақстандық ритейлге қалай көмектеседі

16634

"Жасанды интеллект" түсінігі заңды атауға ие болмақ. Оның қазақстандық ритейлге қалай көмектесуі мүмкін екенін талқылап көрейік.

Жасанды интеллект қазақстандық ритейлге қалай көмектеседі

Биылғы жылдың күзінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды. Онда басқаларға қарағанда "жасанды интеллект" түсінігіне ерекше мән берілді. Бір жыл бұрын бастау алған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында да жасанды интеллект (ЖИ) еліміздің басты бағыт етіп отырған "Индустрия 4.0"-тің ажырамас элементтерінің бірі ретінде көрсетілген. Бұл технология экономиканың әр саласын дамытуды жылдамдатады, соның бірі – ритейл, яғни компаниялардың қол астында мәліметтердің көлемі көп болып, оны тиімді пайдалана білген адам нарықта басым болады.

Қазақстанда жасанды интеллект бар ма?
Қазақстан жасанды интеллектің мүмкіндігін енді ғана пайдалана бастады. Қазірдің өзінде осы технологиялардың негізінде жасалған алғашқы қызықты жобалар бар. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік медициналық құрылымдарда жасанды интеллект базасында онкологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндік беретін өздігінен оқытатын жүйені енгізуде. "Қазпошта"-да қолданушылармен Telegram-да сөйлесетін TelegrambotKazpost виртуальды көмекшісін әзірлеген. Бұл байланыс орталығының жүктемесін азайтады, сонымен қатар Supervisedlearning алгоритмі ботқа үнемі өздігінен оқып үйренуге мүмкіндік береді. Машиналық оқыту технологияларын қолданудың арқасында былтырғы жылы билетті онлайн-сату жүйелерінің бірі театр билеттерін сату көлемін едәуір өсірген. Бұған келтіретін мысалдар әзірге аз болғанымен, ай сайын оның саны көбейе түсуде. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының авторлары Қазақстанда жасанды интеллекті қаржы, өндіріс, өндіру және денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тиімді енгізуге болады деп есептейді. Олар ритейлді ескеріп отырған жоқ. Алайда ритейл жасанды интеллект пайдаланудың ең әлеуетті салаларының бірі деп есептеледі. Ритейлде мәліметтердің аса мол көлемі шоғырланған, ал көп мәлімет, көп ақша әкеледі деген сөз.

Қазақстандық бөлшек сауданың ерекшелігі
Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, былтырғы жылы елдегі бөлшектік сауда көлемі 8,84 трлн теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 26,3%-ға өскен.

Бұл ретте бөлшектік сауда жеке кәсіпкерлердің нарығында айтарлықтай дамыған, сонымен қатар нарықта және базарда сауда жасайтындарда да өскен, олардың нарықтағы үлесі 45,3%. Шағын бизнес негізінен тұрғын аудандардағы дүкендер арқылы жұмыс істеп отыр, оның үлесі 31,2%. Орташа сауда компаниялары 7,8%-ды иемденсе, ірі сауда желілері нарықтың 15,7%-на ие болып отыр.

Ірі бөлшектік сауда желілеріне жекеменшік, шағын бизнеспен, интернет-дүкендермен және бір-бірімен бәсекелесуге турл келеді. Мұның барлығы халықтың тарапынан төлемқабілеті сұранысының төмендеу жағдайында орын алып отыр. Тап осы жағдайда деңгейін ұстап тұру ғана емес, сонымен қатар табысты даму үшін қазақстандық ритейлдер инновацияларға жиі бет бұруда.

Мысалы, статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы көтерме және бөлшектік сауда, автокөлік пен мотоциклдер жөндеу басқаларға қарағанда жаңа технологияларға көп қаражат жұмсаған. Жұмсалған қаражат көлемі – 109,38 млрд теңге. Бұл ақпарат және коммуникация, тау-кен өндірісі және карьерлерді қазу, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп салаларының жұмсағандарынан екі есе көп. Нарық ойыншылары әртүрлі IT-шешімдерді көбірек қолдануға тырысады, бірақ та жасанды интеллектіні бірен-сараны ғана игеруде, ал ол саланы түбегейлі жаңартуы мүмкін.

Нейрожелі сұранысқа қалай әсер етуде?
Жасанды интеллект бөлшек саудада көптеген міндетті шешеді. Оны қолданудың әлеуетті бағыттарының бірі – нейрожеліні сатып алушылық сұранысты болжау үшін пайдалану. Ол артық шығынды қысқартып, тез бұзылатын тауарларды сақтауды оңтайландырып, өнімнің санын тура санап шығуға көмектеседі. Ол қалай жұмыс істейді?

Сарапшылар жүйеге мәліметтердің әртүрлі санатын, яғни сауда бойынша тарихи мәліметтер, экономикалық фактор, ауа райы туралы ақпарат, ауданның инфрақұрылымы, тұтыну мен сұраныстың маусымдығы, сондай-ақ Интернетте брендтер мен тауарлар бойынша ескерту мен пікірлерді, БАҚ-тағы жаңалықтарды жүктейді. Барлық осы мәліметтермен өзарабайланыс жасай отырып, келешекте сіздің нейрондық желіңіз осы қағидаларды өз жұмысында қолдану үшін сіз ең тиімді және маңызды факторларлы анықтайсыз да, уақыт өткенде олардың әсері неге өзгеретінін байқап, оларды және олардың арасындағы тәуелділікті саралайсыз.

Нейрожелінің қандай дәлдікпен және қандай жоспарлау шегінде болжанатын сұранысты есептейтіні құралдар мен оқыту үлгісінің сапасына тәуелді болады. Ірі әлемдік ритейлдер нейрожелілерді сұранысты болжау үшін белсенді пайдалануда, ресейлік ойыншылар олардан қалмауға тырысып, қазірдің өзінде алғашқы табысты жобаларды іске қосып жатыр. Ал Қазақстанда әзірге бұл технологияға тек енді ғана мән берілуде.

Жасанды интеллект бәрін өз орнына қояды
Дүкендердегі аудандарды басқару мен тауарларды сөрелерге қою - ритейлдің маңызды бөлігі. Дүкендердегі сауданың табысты болуы көбінесе өнімдерді дұрыс қоюға байланысты болады. Жасанды интеллект негізінде өнімнің сыртқы түрінен бастап сауда жабдығының ерекшелігін сатып алушының таңдауына дейін және осы немесе басқа да тауар түрін сату жылдамдығы туралы тарихи мәліметтер сияқты факторларды ескеретін интеллектуалдық жоспарлар ассортиментті тиімді басқаруға мүмкіндік береді,

Осы технологияның арқасында нақты сауда орынында сатылған әр тауардың сатылу нәтижесін оңай бағалауға болады. Қазақстандық желілер арасында "Магнум" және "Меломан" ақылды жоспарлау бағдарламасын қолданады.

Ритейлдегі жасанды интеллект көбейіп келеді
Сауда кеңістігінің тиімділігін болжау мен бағалау үшін тұтынушылық қылық сараптамасы пайдаланылады. Ол клиентті жақсы тануға мүмкіндік береді, яғни оған артықшылықтарымен танысудың негізінде тиімді жеке ұсыныстарды жасауға, осылайша орташа чекті өсіріп, дүкенге келуін жиілетіп, клиенттің тұтынушылық кәрзеңкесін ұлғайтады.

Бұған қоса, қоймада қалған тауарлар саны, оларды сату жылдамдығымен сақтау, сондай-ақ жаңа партияны жеткізу уақыты сияқты факторларды ескеріп, сараптай отырып жасанды интеллект ритейл үшін оңтайлы бағаны анықтай алады.

Сонымен қатар жасанды интеллект промоакцияларды қамтыуды айтарлықтай арттыра алады, сондай-ақ жаңа сауда орындарын ашуға лайықты жерлерді таңдай алады. Ол үшін жасанды интеллект ықтимал пайдаға әсер ететін әртүрлі тіпті көзге көрінбейтін факторларды сараптайды. Қазірдің өзінде ритейлдерге сатып алушылармен тікелей жұмыс істеуге чат-боттар көмектеседі, осы міндеттер үшін шынайы роботтар мен басқа да жасанды ителлект-технологиялары әзірленуде.

Жасанды интеллектің әлеуеті зор, ол экономиканың әртүрлі саласына бірте-бірте еніп келеді. Машиналардың қарқынды өсіп жатқан мәліметтер көлемін сараптау қабілеті сұранысқа ие болып, өте пайдалы болуы мүмкін. Әрине, осыған орай, ақылды технологияларды алғашқылардың бірі болып пайдаланғандар бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болатыны анық.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу