Қыста картоп бағасы айтарлықтай қымбат болады

1762

Қыста картоп бағасы айтарлықтай қымбат болады

Қазақстанда ірі және ұсақ көтерме саудагерлердің үстеме бағасын қоса алғанда картоп бағасы қыста бір келісіне 250-300 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін, деп болжайды energyprom.kz.  

Дәл қазір жергілікті картоптың көтерме бағасы 55 теңге болып тұр. Әдетте бұл уақытта 35 теңгеден көтерілмеуші еді.

Биылғы жылы ауа райы аса қолайлы болмауынан Қазақстан мен көршілес елдерде де түсім ойдағыдай емес.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның көтерілуі бір жағынан заңды. Себебі, өткен жылмен салыстырғанда жағармай мен көлік бөлшегі, гербицид пен тыңайтқыштың да бағасы өскенін ескеру керек.

Бұл жылы орта есеппен түсім гектарына 230 центнер болды. Картопты 55 теңгеден сатқанның өзінде, шаруалардың үлесіне тиетін кіріс көп емес. Егер картоп қоймаға сақтауға қойылса, бұл кірістен тағы 10 пайыз алынады, себебі өнім шығыны мен қойма бағасы да картоп бағасының қымбаттауына әсер етпек.

Қыркүйек айында қиярдың бағасы тамыз айымен салыстырғанда 20,4% бірден көтерілді. Бұл ауылдық жердегі шеке шаруалардың бақша өнімі мен қиярдың табиғи топырақта өсу маусымының аяқталуымен байланысты.

Сонымен қатар, күздің алғашқы айында сүт өнімдерінің де бағасы өсті: шикі және пастерленген сүт - 3,2%-ға, ірімшік - 1,9%-ға, қаймақ  -  1,1%-ға көтерілген.

Қыркүйекте, сонымен қатар жаңа ауланған балық пен мұздатылған балық - 1,7%, балық консервісі - 1,3% көтерілді.

Күріш жармасы 0,8%-ға артса, арпа жармасы - 0,6%-ға өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу