1 маусымда армениялық көліктер есепке қойыла бастайды

2655

Алматылық полицейлер көлік иелеріне көмек беру үшін call-center құрды. 

1 маусымда армениялық көліктер есепке қойыла бастайды

Армениялық нөмірдегі сол рөлді (!) машиналар 1-қыркүйекке дейін уақытша есепке қойылады. Бұл тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген көліктерге қатысты. Оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көлік иелері үш төлем жасауға тиіс: 

  • тіркеу алымы – 695 теңге; 
  • техникалық төлқұжат үшін баж салығы – 3 473 теңге; 
  • мемлекеттік нөмір үшін баж салығы – 7 778 теңге. 

Осылайша, темір тұлпарды уақытша тіркеуге 11 946 теңге жұмсалады. 

Көлік құралын тіркеу үшін мынадай құжаттар қажет: 
1) жеке куәлік; 
2) мемлекеттік тіркеу үшін 0.25 АЕК көлемінде төлем жасалғанын және мемлекеттік баж салықтары төленгенін растайтын түбіртектер; 
3) армениялық көлік құралын тіркеу куәлігі (техникалық төлқұжат) мен мемлекеттік нөмірлер; 
4) егер рөлі сол жаққа ауыстырылған болса, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік. 

Мемлекеттік не орыс тілінен өзге тілде жазылған құжаттарды аударып, нотариустың не сондай әрекет жасауға құқығы бар басқа тұлғаның қолтаңбасымен куәландыру қажет. 

Армениялық машиналарға В литерасы бар, 18-аймаққа тиесілі сары нөмірлер беріледі. Көлікке техникалық төлқұжат әзірлеу барысында “Айрықша белгілер” бөліміне "басқа тұлғаға тіркеуге болмайды" деп жазылады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу