200-ге жуық ойын автоматы тәркіленді

718

Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды.

200-ге жуық ойын автоматы тәркіленді

Қарағандыда екі жылдан астам уақыт бойы ойын бизнесін заңсыз жүргізіп келген қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

"Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін жойды. 2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамыры аралығында құрамында 5 адам болған топ Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 7 заңсыз ойын орнын ұйымдастырған. Сондай-ақ олар 16 млн теңгеден астам сомада табыс тапқан. Жедел шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан Лотоматик түріндегі 200-ге жуық ойын жабдықтары тәркіленіп алынды",– деп жазылған комитет хабарламасында.

Бүгінгі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу