2016 жылы Оралда "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 9 үй салынды

756

2016 жылы Оралда "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 9 үй салынды

2016 жылы мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыты бойынша Оралда құны 8 млрд. теңгені құрайтын 1247 пәтерлік 11 үй пайдалануға берілді. Соның ішінде 977 пәтерлік 9 үй – "Нұрлы жол" бағдарламасымен, 1 үй – жас отбасыларға, 1 үй – тұрғын үй кезегіндегілерге берілді.

Қала әкімдігі  хабарлағандай,  өткен жылы әр түрлі қаржыландыру көздерінен қала бойынша жалпы ауданы 191,8 мың шаршы метрді құрайтын 2008 пәтер қолданысқа берілді, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің 122,3%-ы.

Соның ішінде қолданысқа берілген 85,4 мың шаршы метр – қала тұрғындары қаржысы есебінен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 97,3 %-ды құрады. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жалпы құны 1,8 млрд. теңге 7 жоба жүзеге асырылды.

"Аталған жобалар қатарына қаладағы Солтүстік-шығыс ауданындағы жаңа ТЖЖ-дағы (ПДП) инженерлік желілердің құрылысы және Зашаған кентінде орналасқан жаңа шағынауданның ішкі орам жолдары мен шағынаудандағы су бұру каналдары жұмыстарын жалғастыру кіреді", - делінген хабарламада.

Қала бойынша 90 шақырымнан аса жаңа желілер салынды. Жаңа алаңның құрылысы аяқталып, 2 әлеуметтік жоба – Жастар және оқушылар сарайы, көпбейінді 300 орындық қалалық аурухана қолданысқа берілді. Аталмыш аурухана емдеу, аурудың алдын алу шараларына және Оралдағы шағынаудандар тұрғындарына білікті стационарлы медициналық қызмет көрсетуге арналған. Жобалардың жалпы құны – 11 млрд. теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу