2020 жылы күштік құрылымдарға 1,4 трлн теңге жұмсау жоспарланып отыр

1210

Бұл елдің ЖІӨ-нің 11,4 пайызын құрайды. 

2020 жылы күштік құрылымдарға 1,4 трлн теңге жұмсау жоспарланып отыр

Бүгін парламент мәжілісің депутаттарына 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды. Бұл қаражаттың ішіндегі 394,1 миллиарды Ішкі істер министрлігіне, 375,1 миллиарды арнайы мемлекеттік органдарға, 331,8 миллиарды Қорғаныс министрлігіне, 276,2 миллиарды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарға, 31,9 миллиарды бас прокуратураның шығыстарына берілмек. 

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұловтың есеп-қисабына сенсек, жалпы келер жылы қазынаға 11 трлн 207 млрд 900 млн теңге түссе, шығыстар 12 трлн 742 млрд 500 млн теңгені құрайды. Тиісінше тапшылық бір жарым трлн теңгеден аспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу