Біліктілік іріктеуінен өту үшін индустриялық сертификат қажет

805

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов үкімет отырысында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын іске асыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша баяндама жасады. 

Біліктілік іріктеуінен өту үшін индустриялық сертификат қажет

Оның сөзінше, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тұрақты негізде жергілікті қамтуды қолдауға басымдық беріп отыр. 

"Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу бойынша үкіметтің 2 қаулысы қабылданды. Олар: авто, трансформаторлар, кабельдер, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, жиһаз және цемент. Көрсетілген позициялар алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы байқау тәсілімен ғана сатып алынатын тауарлар тізбесіне енгізілді. Алдын ала біліктілік іріктеуінен өту үшін индустриялық сертификат талап етілетін болды", – деді Берік Шолпанқұлов.

Вице министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік сатып алу туралы заңда тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікте ұлттық стандартты көрсетуге міндеттелді. Бұған қоса отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген құрылыс материалдарын пайдалануды көздейтін құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт бекітілді.

"Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту барысында парламенттегі мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша заң жобасында мемлекеттік сатып алуларда тауарларды кепілді сатып алуды, яғни оффтейк-келісімшартты пайдалану, ұлттық стандарттарға, индустриялық сертификаттарға және СТ-КЗ сертификаттарына байланыстыру арқылы реттелетін сатып алудың барлық түрлері үшін бірыңғай кодификацияны пайдаланатын тауарлардың электрондық каталогын енгізу, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларды толық орталықтандыруға көшу мәселелері қаралып жатыр", – деп түйді ойын Берік Шолпанқұлов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу