Cоңғы бір жылда халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады

456

Оның ішінде қала тұрғындары – 12 451 004 (өсім 1,9%), ауыл тұрғындары – 7 582 542 адам (өсім 0,3%). 

Cоңғы бір жылда халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады Фото: malim.kz

12 ай ішінде халықтың жалпы өсімі 266 739 адамды құрады. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 257,3 мың адамға, көші-қон есебінен – 9 344 адамға. Өңірлер бөлінісінде табиғи өсімнің оң мәні СҚО-дан басқа барлық өңірде тіркелді, ал көші-қонның оң сальдосы бес өңірде байқалды – Алматы және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.

  • 12 айда Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 ж. – 403,5 мың), оның ішінде 200,3 мыңы – ұлдар, 187,6 мыңы – қыздар. 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,50 құрады. Аталған кезеңде 130,6 мың адам қайтыс болды, бұл ретте өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,56 болды.
  • Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,78 адам), Түркістан (26,11) облыстарында және Шымкент қаласында (25,68) байқалды.
  • 12 айда 1 жасқа толмаған 3215 нәресте қайтыс болды, 2022 жылмен салыстырғанда нәресте өлімінің коэффициенті төмендеп, 1000 туылғанға 7,69 құрады (2022 жыл – 7,97).

Аталған кезеңде тіркелген некелер мен ажырасулар саны да азайды. 2023 жылдың 12 айында 120 мың неке тіркелді, 2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9% төмендеді. Неке коэффициенті 1000 адамға 6,07 құрады. Сондай-ақ осы кезеңде 16,7 мың ажырасу тіркелді (соттың некені бұзу туралы шешімін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша), бұл да 2022 жылғы деңгейден 5,3% аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,84 құрады.

Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо еліміздің 3 өңірінде қалыптасты: Алматы (38,1 мың адам), Астана (50 мың адам) және Шымкент (3,4 мың адам) қалаларында.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге сырттан келгендердің саны 25,3 мың адамды, кеткендер саны 16 мың адамды құрады. Көші-қон сальдосы 9 344 адам болды. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 46,8%, кеткендер саны 33,8% азайды. Айта кетейік, көші-қон сальдосы 2011 жылдан бері алғаш рет оң мән көрсетіп отыр.

Негізгі көші-қон алмасу ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің саны 21,9 мың адамды құраса, сол елдерге тұрақты тұруға кеткендердің саны 12,4 мың адамды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу