244 пәтерге 4635 адамнан өтініш түсті

545

Тұрғын үйлерді әкімдік кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлер мен көпбалалы отбасылар ала алады. 

244 пәтерге 4635 адамнан өтініш түсті

Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түгендеу және есепке алу бөлімінің маманы айтты. Оның сөзінше, аталған жоба аясында (үйді сатып алу құқығымен жалдау - ред) баспаналы болуға ниеттілер көп болған. 

"Бағдарлама аясында пәтерлер әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Биыл 28 қыркүйек пен 7 қазан аралығында "Тұрғын үй қоры" КММ осы бағдарлама аясында 244 пәтерге өтініш қабылдаған болатын. Оның қорытындысы бойынша  4635 азаматтан өтініш келіп түсті. Білім беру саласынан 2030, денсаулық сақтау саласынан 723, мәдениет бағытынан 209, спорт саласынан 84, әлеуметтік қорғау 668, полиция қызметкерлерінен 613, төтенше жағдай департаментінен 308 өтініш келді. Қазір оның барлығын қарастырудамыз", – деді есепке алу бөлімінің маманы. 

Өтініштер электронды түрде мемлекеттік қызметкер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, көпбалалы отбасылар, жалғыз баспанасы тұруға жарамсыз деп танылғандар, жетімдер санаттары бойынша қабылданды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу