267 елдімекенде тасқын қаупі бар

1220

Көктемгі тасқын маусымына 10 мыңнан астам құтқару қызметінің өкілдері жұмылдырылмақ. Олар республика бойынша 246 елдімекеннің амандығына жауапты. Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев осындай мәлімет айтты.

267 елдімекенде тасқын қаупі бар

"Тасқынға қарсы дайындықты күшейтуге бағытталған жол картасын дайындаған тұста 900-ден астам елді мекенге тассқын қаупі төніп тұрған. 2017 жылы жол картасының арқасныда 315 елдімекенде мұндай қатер жойылып, тізімдегі мекендер саны 414-гк азайды. Ал кейінгі 4 жыл ішінде 400-ден астам тасқынға қарсы ауқымды шаралар жүргізілді. Соның өзінде  276 елдімекен үшін су алу қаупі сақталып отыр. Былтыр 2023 жылғадейінгі мерзімді қамтитын жаңа жол картасы дайындалды", - деген вице-министр биылғы тасқынаға қанша күш жұмылдырылатынын атады. 

"Тасқын қаупі бар орындарда 45 мың тоннадан астам инертті материал,  780 мың құмқап, 3000 тонна жанармай,  20 тоннадан астам жарылғыш зат дайындалды. Тасқынннан зардап шеккен адамдарды паналатып, мал-мүлікті сақтауға арналған лагерлер құру үшін 3000-дай уақытша қауіпсіз орындар белгіленді. Қар еру маусымы күрделенген жағдайда жедел әрекет ету үшін Төтенше жағдай, Ішкі істер министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың авариялық-құтқару жасақтарының күші шоғырдандырылып жатыр. Бұл – 10 мыңнан астам қызметкер, 1880 арнайы техника, 22 тікұшақ, 308 жүзу құралы,  10 мыңан астам жауынгер, 1000-дай моторлы сорғы", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу