80 азамат Дубайдан елге жеткізіледі – СІМ

506

Дубайға барған 80 азамат елге жете алмай отыр. Жолаушылардың сөзінше, олар ұшаққа отырғанда белгісіз бір себептермен рейстен түсіріп тастаған. Сонан соң, 6-7 сағаттай әуежайда күтуге мәжбүр болған. 

80 азамат Дубайдан елге жеткізіледі – СІМ

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келе алмай қалған шымкенттіктерге қатысты  түсініктеме берді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелге барған 80 азаматтың мәселесі ерекше бақылауға алынғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біздің Дубайдағы дипломаттар бұл мәселені ерекше бақылауға алған. Әзірге ондағы азаматтардан арыз-шағымдар жоқ. Fly Dubai әуекомпаниясының мәліметінше, сұраныс білдірген барлық жолаушылар қонақүйлерге орналастырылған. Тамақпен қамтылған. Әуекомпания тығырықтан шығу үшін  жолаушыларды Алматы, Бішкек және Ташкент арқылы жеткізуді жоспарлап отыр. Олардың барлығы ертең немесе арғы күні елге жетеді деп күтілуде", – деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Дубай қаласына барған 80 шымкенттік елге жете алмай отыр. Жолаушылардың сөзінше, олар ұшаққа отырғанда белгісіз бір себептермен рейстен түсіріп тастаған. Сонан соң, 6-7 сағаттай әуежайда күтуге мәжбүр болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу