АЭС-те апат болса, кім жауап береді?

905

Сала мамандары ешқандай қауіп жоқ деп сендіріп отыр.

АЭС-те апат болса, кім жауап береді? Фото: canva.com

Келешекте Қазақстанда атом электр станциясының жұмысынан ақау шықса немесе апат болса, жауапкершілікті кім арқалайтыны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала тұрғыны қоғамдық тыңдау барысындағы сұрақ-жауап бөлімінде "Жаңа технологиялар төтенше жағдайлар ықтималдығын қаншалықты жоя алады? Егер апат болса, кім жауапты болады?" деген сауал қойды.

"Ядролық залал үшін жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясында қадағаланады. Әрине, бірінші кезекте АЭС операторы жауапты. Бұдан басқа бізде лицензия беретін, тексерумен айналысатын бақылау органы бар. Технологияны жеткізуші де жауапкершілікті мойнына алады, ол өзі ұсынатын өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік береді", - деді Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова

Бұл ретте Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбековтің сөзінше, АЭС-терде апаттың болу ықтималдығы өте төмен.

Елорданың тағы бір тұрғыны спикерлерден "Атом электр станциясы қаншалықты қауіпсіз? Қазақ болғаннан кейін "атом" дегеннен қорқамыз. Кешегі Чернобыль, Фукусимадағы жағдай қайталанбай ма?" деп сұрады.

"Әлемдегі ең қауіпсіз атом электр станциясы осы екі контурлы су-сулы реактор. Чернобыльде, Фукусимада бір контурлы реактор болды және олар екінші буындағы, яғни 1960-1970 жылдары салынған атом электр станциялары. Қазақстанның таңдап отырғаны 3 және 3+буындағы атом электр станциясы", - деді Ядролық физика институтының бас директоры Саябек СахиевСаябек Сахиев.

Айта кету керек, сейсенбі күні елордада АЭС құрылысына байланысты көпшілік тыңдау өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу