Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенінің
қаржы құралын жетілдіру мақсатында айналым қаражатын толықтыруға арналған несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау нормативі 5%-дан 7%-ға ұлғайғанын мәлімдеді.
"Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің жеткілікті кепілдік базасы болмаған жағдайда екінші деңгейлі банктердің кредитіне кепілдік беру тетігінің қолжетімділігі артты. Бұл іс ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы іске асырылатын болды. Кепілдік кредит сомасының 50%-ын және басым инвестициялық жобалар бойынша 85%-ды құрайды. Биылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында ерікті болып табылатын және өсімдік шаруашылығы саласында ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларында сақтандыру мүмкіндігін беретін сақтандырудың жаңа жүйесі жұмыс істей бастады", – деді министр.
Қанат Махамбет