Аида Балаева: Жастар жаппай шетелге кетіп жатыр деп айта алмаймын

995

Жастардың миграциялық көңіл-күйі басым. Көбі шетелге кетуге асық. Мұндайда Қазақстан билігі жастарды елімізде алып қалу үшін қандай шаралар қабылдап жатыр. Осы сұрақ халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аида Балаева: Жастар жаппай шетелге кетіп жатыр деп айта алмаймын

"Бұл мәселе қоғамда бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Біріншіден, халық жаппай кетіп жатыр деп айтуға тағы болмайды. Статистикаға келер болсақ, халықтың 100 пайызының 0,2 пайызы елден кетеді екен. Бұл – рұқсатты көрсеткіш. Сол себепті халық жаппай кетіп жатыр деп айтуға келмейтін секілді", - деп атап өтті министр.

Аида Балаева кейде адамдардың шынында да шетелге кетуінің әртүрлі себебі барын айтады. Мәселен, біреуді шетелде жұмысқа шақыруы мүмкін. Екіншісі әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнының грантына ие болады. Ал кейбір адамдар практикадан өту үшін кетеді. 

"Сол адамдардың көбі елге оралып, өз елінің дамуына үлес қосуға ниетті. Таяуда ғана біз "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездестік. Сонда, шынында да, Санжар Тайжан атты бала мені таңғалдырды. Ол қазірдің өзінде Илон Маскпен жұмыс істеп, ашық түрде өз елінде жұмыс істеуге құштар екенін айтып отыр. Мұндай санаттағы жастар өте көп. Бұл ретте біздің азаматтар керемет бір осындай аспектілерді байқамай қалады. Жастарымыз әлемдік деңгейдегі оқуға түсіп, шетелде жұмыс істеп жатса, бұл шынтуайтында мұғалімдеріміздің жетістігі деуге болады. Сондықтан бүгін жаһандану заманында, шекаралар ашық кезде әр адам өз әлеуетін ашқысы келеді. Бұл – заңды құбылыс. Ең бастысы, азаматтар еліне оралып, еңбек етіп жатыр. Өз тарапынан мемлекет олардың өз елінде әлеуетін арттыруға жағдай жасап отыр", - деп жауап берді Аида Балаева.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу