Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары марапатталды

1383

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары марапатталды

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарына су жаңа көліктердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Еске сала кетейік, бүгін Көкшетауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында аймақ басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күні аталып өтілді. "Көкшетау" мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен келген 600 шаруа қатысты. Шара барысында  облыстың тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және әлеуметтік тәрізді сан алуан салаларда қол жеткен жетістіктері паш етілген көрме ұсынылды. Сондай-ақ, салтанатты түрде ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары марапатталды.

Олардың арасында Жақсы ауданындағы "Шұңқыркөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайншысы Самат Бекжановқа, Есіл ауданындағы "Орловка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Владимир Дехтеревке, Целиноград ауданындағы "Ең дала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізушісі Қуандық Рақымжановқа, Атбасар ауданындағы "Бастау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Қайыргелді Ербалинға, Бұланды ауданындағы "Журавлевка-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас зотехнигі Темірболат Андаровқа, Ақкөл ауданындағы "Еңбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Амангелді Оразбаевқа бір-бір көліктің кілті тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу