АҚШ-та пандемия басталғалы 400 мың кәсіпорын жабылды

842

BofA Global Research болжамына сүйенсек, биыл елдің ЖІӨ 6,5%-ға, ал келесі жылы 4,5%-ға өсуі мүмкін. 

АҚШ-та пандемия басталғалы 400 мың кәсіпорын жабылды

Пандемия басталғалы АҚШ-та 400 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорны жабылған, деп хабарлайды іnbusiness.kz Ақ үй басшысы Джо Байденнің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, қазір миллиондағаны құлдырау алдында тұрған көрінеді. 

"Шағын бизнес – бұл экономикамыздың негізгі тірегі, қозғаушы күші. Қазір олар қиындықты бастан кешіруде. 400 мың шағын бизнес кәсіпорны жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Миллиондағаны құлдырау алдында тұр",– деді ол. Америкалық президент осы орайда пандемия кезінде шағын бизнеске көмек көрсету бағдарламаларына бірқатар шаралар енгізілгенін мәлім етті. 

Құрама Штаттарда індет кесірінен қаза тапқандардың саны 500 мыңнан асты. BofA Global Research болжамына сүйенсек, биыл елдің ЖІӨ 6,5%-ға, ал келесі жылы 4,5%-ға өсуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу