АҚШ-тың Нью-Мексико штатының прокуратурасы актер Алек Болдуинге 2021 жылдың 21 қазанында "Тот" ("Rust") фильмінің түсірілімінде оператор Галина Хатчинсті байқаусызда өлтірді деген шешім шығарды. Бұл туралы американлық БАҚ сот құжаттарына сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
Болдуиннен басқа, түсірілім алаңында қару-жарақ пен оқ-дәрілерге жауапты Ханна Гутьерес-Ридке де осындай айып тағылды. Болдуин түсірілім кезінде Хатчинсті белгісіз бір себептермен оқталған "Колт" револьверінен байқаусызда атты.
Егер Болдуин мен Гутьерес-Рид кінәлі деп танылса, олар 18 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 5000 доллар айыппұл төлейді. Алайда, іске атыс қаруының қатысы бар екендігі қамау мерзімін бес жылға дейін ұзартуы мүмкін, дейді CNN.