Ақтөбе облысы Астанаға "Бейбітшілік қабырғасын" салып берді

2250

Мұнда 50-ден астам елдің тілінде бейбітшілік деп жазылған. 

Ақтөбе облысы Астанаға "Бейбітшілік қабырғасын" салып берді Фото: aktobenews.kz

Астанада ашылған "Бейбітшілік қабырғасының" мағынасын Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев түсіндіріп берді, деп хабарлайды  Aktobenews.kz 

Сапарбаевтың пайымынша, Астананың 20 жылдығына тарту етілген нысанның мағынасы тереңде жатыр.

"Біз 29 тамыз — ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында бұл нысанды ашып отырмыз. Әлем Қазақстан мен елбасының бейбітшілік үшін не жасап отырғанын білуі керек. Мұнда 50-ден астам елдің тілінде бейбітшілік деп жазылған. Сонымен бірге, президенттің ядролық полигонды жабу жөніндегі қаулысынан қысқаша үзінді келтірілген", — деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы Астананың 20 жылдығына "Бейбітшілік қабырғасын" салып берді. Нысанның құны - 1,8 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу