Ақтөбе облысында 319 азамат жауапкершілікке тартылды

1040

Олар заңсыз қаруларын ерікті түрде тапсырмаған.

Ақтөбе облысында 319 азамат жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 319 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұл шара заңсыз сақталған атыс қаруын, жарылғыш құрылғыларды, жарылғыш заттарды анықтау және алып қою, атыс қаруын қолдану арқылы қылмыс жасаудың алдын алу, тіркелмеген атыс қаруын халықтың өз еркімен тапсыруын ұйымдастыру мақсатында жыл сайын тұрақты өткізіліп тұрады. 

Облыстың полиция қызметкерлері ақпан айының 1-15-і аралығында 7992 аңшылық және газ қаруының иелерін тексеріп, азаматтардың азаматтық және қызметтік қаруды сатып алу, сақтау, беру, сату, тасымалдау тәртібіне байланысты 319 бұзушылықты анықтаған. Заңсыз айналымнан 14 атыс қаруы, заңсыз сақталған 108 суық қару тәркіленеді. Барлық деректер бойынша сараптама жүргізіліп, тергеу жүргізілуде.

"Заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған тұрғындар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу