Ақтөбе облысында болған жол апатынан 6 адам жан тапсырды

868

"Самара-Шымкент" автожолының 934 шақырымында  Mazda Cronos пен Opel Vectra көлігі соқтығысқан.

Ақтөбе облысында болған жол апатынан 6 адам жан тапсырды

Ақтөбе облысында жексенбіден дүйсенбіге қараған түні жол апаты орын алып, 6 адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнгі 03:45 шамасында "Самара-Шымкент" автожолының 934 шақырымында  Mazda Cronos пен Opel Vectra көлігі соқтығысқан.

Қарабұтақ ауылынан Ақтөбеге қарай жол тартқан Mazda Cronos жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апатының орын алуына себеп болған. Оқиға салдарынан Opel Vectra жүргізушісі ауданнның орталық ауруханасына жеткізіліп, оның жұбайы мен ұлы сол арада тіл тартпай кеткен. Ал Mazda-дағы жүргізушіні өзі, ұлы мен немересі көлікпен бірге жанып кеткен.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу