Ақтөбеде 26 ата-ана жауапқа тартылды

846

Ювеналды полиция қызметкерлерінің рейдтік жұмыстарының нәтижесінде қалалық полиция бөлімдеріне бір күн ішінде 46 кәмелетке толмаған бала жіберілді. Бір жасөспірімнен пышақ тәркіленді. 

Ақтөбеде 26 ата-ана жауапқа тартылды

Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың ата-аналарының қатысуымен профилактикалық және түсіндіру сұхбаты өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын жергілікті рейдтік жұмыстар жүргізеді.

Барлық кәмелетке толмағандардың ата-аналарының қатысуымен профилактикалық және түсіндіру сұхбаты өткізілді, сондай-ақ 26 ата-ана ҚР ӘҚБтК 442-баптың 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті. Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы ата-аналардан балаларының орналасқан жерін бақылауды және демалыстарының сәтті өтуі үшін барлық жағдайды жасауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу