Ақтөбеде екі "Адалдық дүкені" ашылды

1554

Яғни онда сатушы жоқ, әркім өзіне қажетті затты алып, ақшасын қорапшаға қалдырып кетеді.

Ақтөбеде екі "Адалдық дүкені" ашылды

Дүкеннің бірі мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында, екіншісі өңірлік мемлекеттік университеттің ішінде орналасты, деп хабарлайды 24.kz..

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарының айтуынша, бұл жоба жастарды адалдыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырады.

Дүкен сөрелеріне кеңсе тауарлары мен жатақханаға қажетті бұйымдар қойылған. Мысалы, төсек-жайманы қалалық зағип жандар қоғамы ұсыныпты. Яғни мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан дүниелерді арзан бағаға сатып алуға болады.

Жақында тағы 2 оқу орнында осындай дүкен ашылатын болды.

"Сатушысыз дүкеннен ештеңе ұрламастан, қажетті тауарын алып кетуі жастардың ар-ожданына байланысты. Бұл – студенттерді осы жастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы принципті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара. Қазіргі таңда Марат Оспанов атындағы медицина универсиеті осы акцияға қатысатындарын білдірді. Дайындық жүріп жатыр. Қазір барлық колледждерде де осындай жұмыс жүргізілуде", - дейді МҚІСЖА облыстық департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бейсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу