Ақтөбеде естімейтіндер үшін бейнедиспетчер қызметі қайтадан іске қосылды

669

Онда үш сурдоаудармашы тәулік бойы қызмет көрсетеді.  

Ақтөбеде естімейтіндер үшін бейнедиспетчер қызметі қайтадан іске қосылды

Ақтөбеде есту жүйесінде кінараты бар адамдар қайтадан диспетчер қызметін пайдалана бастады. Бір кездері тиімділігін көрсеткен бұл жоба соңғы екі жылы қаржыландыру болмағандықтан тоқтап тұрған, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.    Құлағы мүкіс жандарға арналған бейнетелефон диспетчер қызметі Ақтөбе облысында 2015 жылы жүзеге асыпты.

"Бұл "Аялау" корпоративтік қорымен бірлесіп қолға алған әлеуметтік жоба болатын. Тек алғашқы үш айдың ішінде диспетчер жұмысын 196 адам пайдаланды", - дейді "Қазақ саңыраулар қоғамы" бірлестігінің филиалының төрайымы Зинаида Телеушева. Оның тиімділігі - тек ым-ишаратпен қана сөйлесе алатын адамдар жедел жәрдемнен бастап, құжат рәсімдеу сияқты жұмыстардың бәрінде диспетчер арқылы радиобайланысқа шығып, тілдесе алады. Мемлекеттік қолдауға ие болып, 5 млн.теңге бөлінген жобаны жүзеге асыру барысында филиал басшысы Орынбор қаласына арнайы барып, осындай қызмет түрімен танысып та  келеді. Кейін планшет, смартфон сияқты құрылғылар сатып алынып, арнайы бағдарламаларды іске қосылған.

Өкінішке қарай, мүгедектердің жүріп-тұруы үшін көп көмегін тигізген бейнедиспетчер қызметі 2019 жылы қаржының жоқтығынан тоқтап қалады. Дегенмен, сурдоаудармашылар аса қажет жағдайларда ақысыз да қызмет көрсетіп тұрыпты. Ал биыл қала бюджетінен қаражат бөлініп, диспетчерлік жұмысы қайта жанданған. Қазір ол  тәулік бойына жұмыс істеп тұр, жедел қызметте күндіз бір, кешкі сағат 18.00-ден кейін екі маман қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, бейнедиспетчер қызметі ноутбук, планшет, факсы бар телефон, ұялы телефондармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі жандар оларды оңалту бағдарламасының аясында дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы арқылы ала алады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу