Ақтөбеде шетелдіктер мінген көлік жол апатына ұшырады

999

Тәжікстан азаматы ауруханаға жетпестен көз жұмды. Сонымен қатар бір Ресей, үш Тәжікстан азаматы Мәртөк аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбеде шетелдіктер мінген көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбе-Орынбор бағытында үш көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін сағат 13:00-де ірі жол апаты болды. Ақтөбе - Орынбор бағытындағы трассада Ресейден Тәжікстанға бара жатқан "Лада-Ларгус" көлігінің жүргізушісі көктайғаққа қарамастан жолдың қарсы бетіне шықпақ болған. Соның салдарынан тағы бір "Лада-Ларгус" көлігімен және қарсы бетте келе жатқан "БМВ" маркалы машинасымен соқтығысты.

"Лада-Ларгус" жол жиегіне шығып кеткен. Жолаушылар көлік ішінен аман-есен шыққан соң қысқа тұйықталу болып, машина жанып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде Тәжікстан азаматы ауруханаға жетпестен көз жұмды. Сонымен қатар бір Ресей, үш Тәжікстан азаматы Мәртөк аудандық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол ережесін сақтап, абай болуға шақырады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу