Еліміздегі алаяқтық қарқын алып келеді. Бұған статистика дәлел. Мәселен, биыл қаңтар-наурыз айларында секторда 10 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8% артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтық жағдайлары: 4,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық — бір жыл бұрынғыдан 4,2% артық.
2022 жылы "Алаяқтық" бабы бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны бір жыл ішінде 5,9% өсіп, 43,5 мыңға жетті. Оның ішінде интернет-алаяқтық істері 20,6 мың болды.
"Алаяқтық" бабы бойынша жасалған әрбір 5 қылмыстық құқық бұзушылықтың екеуі – Алматыда (бірінші тоқсанда 1949 тіркелген іс — бір жыл бұрынғыдан 5,4% аз) және Астанада (1903 іс, 31,7% ұлғайған) жасалған. Одан кейін Қарағанды облысы (692 іс), Шымкент (640 іс) және Алматы облысы (517 іс).ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес, алаяқтар ең көп пайдаланатын тәсіл — мобильді құрылғыдағы жеке кабинетке қол жеткізу мақсатында азаматтарды алдау үшін қаржы ұйымының қауіпсіздік қызметкері ретінде фишингтік сайттар мен мобильді қосымшалардағы жалған хабарламаларды пайдалана отырып жеке деректерді ұрлау екені хабарланды.
Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 55,8%-ы қаржылық алаяқтыққа тап болған, олардың 34,2%-ы телефон алаяқтығына (фишинг), 32,7%-ы онлайн алаяқтыққа (фишинг) тап болған. Респонденттердің тағы 21,6%-ы қаржылық пирамидалармен, 11,5%-ы төлем карталарын пайдаланып алаяқтықпен бетпе-бет келген.