Астанада жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ орын алды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. "Астана Тазалық" ЖШС- ның мәліметінше, бір тәулік ішінде қар жинауға 2525 жұмыскер шығып, 1572 техника тартылған. Көктайғаққа қарсы 55 тонн реагент себіліп, 485 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Жексенбі күні қала аумағынан 19 249 текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Алдағы екі күнде ауа райы өзгермейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз -7...-9 градус суық болады. Елордада қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Дүйсенбі күні таңертең 2478 жол жұмыскері мен 1086 техника шықты.
Ертең, 6 желтоқсан күні Астанада көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, сырғыма боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнді -7…-9°С, күндіз -5…-7°С.
Сәрсенбі, 7 желтоқсанда, елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын, боран болмайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -13...-15 градус, күндіз -8…-10°С.