Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде қар жауады

904

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде қар жауады

"Қазгидромет" РМК  1-3 желтоқсанға арналған  ауа райы болжамын ұсынады.

"Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде. Алдағы үш тәулікте ауа райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады. Республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасындатады, батыстан күшті жел соғады. Еліміздің батысы мен орталығында қар жауады, бірақ күндізгі  температура  минус 3  - плюс 3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде 2 желтоқсанда күндіз, 3 желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2...плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, жаңбыр жауып, аяғы қарға ұласады, сондай-ақ оңтүстік-батыстан екпінді жел күтілуде.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу