Әлемде интернет абоненттерінің саны 4,9 млрд-қа жетті

1279

Қазақстанда интернетке қолжетімділік деңгейі 85,9%-ды құрады. 

Әлемде интернет абоненттерінің саны 4,9 млрд-қа жетті

COVID-19 індеті бүкіл әлемде интернетизацияның дамуына түрткі болды. Мәселен, тек 2020 жылы ғана Халықаралық коммуникациялар одағының (ХЭО) мәліметтері бойынша әлемде интернет абоненттерінің саны 12,2%-ға өсіп, 4,6 млрд болды, ал 2021 жылға арналған бағалау бойынша олардың саны қазірдің өзінде 4,9 млрд-қа жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлемде Интернеттің даму деңгейі бір жыл ішінде 2020 жылғы 59%-дан 2021 жылы 63%-ға дейін өсті.

ITU ұйымының 2021 жылы бағалауы бойынша ТМД елдері Интернетке қолжеткізу бойынша Еуропа елдерінен кейін екінші орында: жалпы ТМД бойынша 82%, Еуропада 87%. Америкада интернеттің дамуы 81%, араб елдерінде – бар болғаны 66%, Азия-Тынық мұхиты аймағында – 61%, Африкада халықтың үштен бір бөлігі ғана интернетке қол жеткізе алады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2020 жылға арналған деректері бойынша Қазақстанда Интернетке қолжетімділік деңгейі 6 жастан асқан азаматтар үшін 85,9%, ал 16 жастан 74 жасқа дейінгі экономикалық белсенді халық арасында одан да жоғары болды (89%).

Оның үстіне, Қазақстан мобильді кең жолақты байланыс арқылы интернетке қол жетімділік бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. ITU ұйымының 2020 жылғы деректері бойынша, 1,5 ГБ мобильді кең жолақты байланыс үшін жан басына шаққандағы көрсеткіш жалпы ұлттық табыстың 0,36%-ын ғана құрайды.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең жақсы көрсеткішке ие. Салыстыру үшін Ресейде қызмет құны жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің 0,91%, ал көрші Өзбекстанда 2,32%-ды құрайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу